20 жылда 12 мыңнан аса білікті маман дайындап шығарған

 Еліміздің еңбек нарығында ІТ-маман, инженер, бағдарламалаушы, дизайнер, робототехника, құрылысшы, инженер-жобалаушы, Web-дизайнер, агроинженер, жобалаушы менеджер мамандар сұранысқа ие. М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты 20 жыл ішінде 12 мыңнан аса жоғары білікті мамандар дайындап шығарды. Олар жоғарыда аталған кейбір мамандықтарға деген сұранысты барынша өтеуге тырысып келеді. Өз кезегінде, институт түлектері білімімен, еңбегімен мемлекет экономикасының дамуына айтарлықтай үлесін қосуда.

Институттың негізгі мақсаты – жоғары білікті мамандар дайындау, басқару жүйесінің тиімділігін ұстана отырып, алдыңғы қатарлы әдістемелер мен ғылыми технологиялар бойынша білім беру.

М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының тағы бір үлкен жетістігі – 2010 жылы Оңтүстік Қазақстанның білім саласында 1-ші дәрежелі Алтын көшбасшы құрметті атағының иегері атанды.

Институтта сапалы оқу процесін ұйымдастыруға заманауи қадам жасау қамтамасыз етілген. ВОУД қорытындысы бойынша Институт Түркістан облысындағы ЖОО арасында 1 орында тұр.

Ұлттық және еуропалық реестр қатарына кіретін бірлескен халықаралық аккредитация агенттігінің тәуелсіз аккредитация және рейтинг (НААР) аккредитация кеңесінің отырысындағы шешімімен М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты 20 қараша 2017 жылдан бастап институтуционалдық аккредитациядан және мамандандырудан (№ АА0061 20.11.2017 ж. куәлігі) 3 жыл мерзімге өтті. Барлық білім беретін бағдарламалар да 3 жылға аккредиттелді, ал 5В010400 – «Алғашы әскери дайындық», 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасы – 5 жыл мерзімге ұзартылды.

«Есептеу техникасы және дизайн» кафедрасы 

  «Есептеу техникасы және дизайн» кафедрасы 2015 жылы «Дизайн» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарын біріктірудің нәтижесінде пайда болды. «Архитектуралық дизайн» бағытында мамандар дайындаудың тарихы 2012 жылдан бастау алады. «Есептеу техникасы және дизайн» кафедрасы жаңа атаумен № 62 бұйрықпен 29 тамыз, 2015 жылы қайта құрылды және кафедраның меңгерушісі болып доцент Е. Теңізбаев қайта тағайындалды.

 «Дизайн» мамандығының қалыптасуына марқұм Қуаныш Маликовтың сіңірген еңбегі зор. Ол Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, ҚР «Өнер» академиясының корреспондент мүшесі. 2013 жылы Шымкентте Қазақстанда алғаш рет Жоламан батырдың ескерткіші қойылды, жобаның авторы Қуаныш Маликов (мүсінші – Асқар Әзімбаев).

 

Қазіргі таңда «Есептеу техникасы және дизайн» кафедрасының құрамында А.Кенжебаева, С.Рүстемова, С.Тастанова, Д.Бейсенбаева, С.Сахова сынды магистрлер жұмыс істейді.

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізіледі және студенттер де ғылыми ізденіс барысына тартылады. Ғалымдардың, тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен студенттер ғылыми жұмыспен айналысып, ғылыми конференцияларға қатысады, онда өздерінің ғылыми материалдарын диплом жұмысына да қолданады. Сондай-ақ, оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары университеттің жинақтарында басылып шығады.

 «Дизайн» мамандығын бітіріп шыққан түлектердің диплом жобалары Шымкент үшін қазір өте өзекті. Әсіресе Шымқаланың республикалық маңызы бар қала статусын алғалы дизайн мамандары ерекше сұранысқа ие болуда.

Студенттер фотоконкурстарға, «Архитектура және дизайн», «Ландшафт дизайны», «Интерьер дизайны және жиһаздар» көрмесіне, республикалық пән олимпиадаларына үздіксіз қатысып келеді.

Айталық, 2015 жылы бірінші курс студенті Айсұлтан Құлқаев Благовещенск қаласында өткен Амур мемлекеттік университеті ұйымдастырған халықаралық өнер фестивалінің «Фокус» фотобайқауына қатысып, «Хантағы тауы», «Хантағы тауларының пейзажы» және «Хантағы тауының буырқанған өзені» фотосуреттері үшін «Ұлттық колорит» номинациясының 3-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.

Осы жылы тағы да Айсұлтан Құлқаев Кентау қалалық жастар орталығы ұйымдастырған «Объективтегі жаз» фотобайқауына қатысып, «Үздік фотограф» номинациясының дипломымен марапатталды. 2015 жылы сонымен қатар ДЗК-12-1 тобының студенттері Мырзабай Үсен, Арман Исахов, Айдана Кәрібаевалар «Нысанды жобалаудың дизайны» тәртібі бойынша республикалық пән олимпиадасына қатысты. 2015 жылы кафедра оқытушысы Асхат Жаухаров, ДЗК-12-1 студенті Айдана Кәрібаева, «Архитектура және дизайн», «Ландшафт дизайны» көрмесіне қатысып, «Заманауи үй» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Балжан Садық республикалық «Нысанды жобалаудың дизайны» бойынша пәнаралық олимпиадаға қатысты, ал 5В042100 – «Дизайн» мамандығының студенттері А.Әмірханова, Д.Әлібек, Ә.Айнабек, У.Әбдірахман (ДЗК 15-1 тобы), С.Балташова С. (Дзк 15-2 тобы) 10 наурыз, 2016 жылы Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 толуына орай республикалық жастар онлайн форумына қатысты. Осы жылы студент Жансая Қозыбаева «Шымкент қалам менің» көрмесіне қатысып, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Қалыбековтың қолынан мақтау қағазын алды.

2017 жылы Е. Анарбаев жетекшілік еткен ДЗК-14-1 тобының студенттері Сәния Қадырбек, Ақжан Бурашева, Степан Братан республикалық «Нысанды жобалаудың дизайны» пәнаралық олимпиадасына қатысты.

Осы 2017 жылы ДЗК-16-1 тобының 1 курс студенті Маржан Жылқыбай ақын Мағжан Жұмабаевқа арналған «Бір өлең – бір сурет» атты сол кездегі ОҚО мәдениет басқармасы ұйымдастырған өнер байқауында үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

2017 жылы студенттер Айдана Кәрібаева (жетекшісі А.Жаухаров), Жансая Қозыбай, Ақжан Бурашева (жетекшілері А. Кенжебаева, С.Рүстемова), Ақмарал Тастанова, Үсен Мырзабай институттың «Есептеуіш техника және дизайн» кафедрасы ұйымдастырған «Жас талант» шығармашылық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.

Бұдан басқа, студенттер институтты, кафедарлар мен аудиторияларды безендіру жұмыстарына да белсенді қатысады. 2014 жылы ДЗК-13-1 тобының студенттері институттың ішкі ауласының қабырғасын безендіріп шықты, мұнда студенттер бос уақытында демалады. 2017 жылы оқытушылар Салтанат Рүстемова мен Асхат Жаухаровтың басшылығымен 2 курс студенттері «Институт өмірі» атты атаумен институттың фойесінде орналасқан стендті жасап шықты.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары білікті мамандар. Қазіргі таңда «Есептеуіш техника және дизайн» кафедрасында «Дизайн» мамандығы бойынша штатта 8 оқытушы жұмыс істейді. Кафедраның ғылыми және шығармашылық қуаты да мықты, мұнда 2 техника ғылымының кандидаты, оның ішінде 1 доцент, 1 ҚР еңбегі сіңген қайраткері, 4 магистр, 2 оқытушы-практикант бар.

2016 жылы техника ғылымының кандидаты Тазагүл Сүлейменова Германияның Гюстро қаласында өткен халықаралық «Инновациялық технология және билингвалды құрал және полилингвалды білім беру» семинарының жұмысына қатысты.  Кафедра оқытушылары А. Жаухаров, Е. Анарбаев Астана қаласындағы «LRSпласт» ЖШС 144 сағаттық «Білім берудегі менеджмент» тақырыбы бойынша біліктілігін жоғарылатудан өтіп келді.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де магистр А. Кенжебаева қазақ суретшісі, орнаменталист Ғани Иляевтың 100 жылдығына арналған республикалық конференцияға қатысты. 2016 жылы магистр Салтанат Рүстемова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Дала аналарының симфониясы» атты суретшілер көрмесіне қатысты.

2017 жылы магистр А. Кенжебаева Ресейдің Иваново қаласында жоғары оқу орындары арасында өткен студенттер мен аспиранттардың «Жас ғалымдар – текстильді-өнеркәсіп кластерін дамыту» ғылыми-техникалық конференциясына қатысты.

Ал 2018 жылы магистр А. Кенжебаева Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен «Әуезов оқулары 16: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Кафедра оқытушылары «Модерн Проект» ЖШС бірлесіп шаруашылық келісімшарт тақырыбы шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Келісімшарттың мерзімі (01.05.2018-30.04.2019) жылға дейін.

М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын таңдасаңыз, өкінбейсіз. Кемел білім, жарқын болашақ біздің институтпен бірге!

 

М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Мәделі қожа, 137.

Телефондары: 8(7552)53-04-21, 8(7252)53-56-95

Факс: 8 (7252) 53-56-95.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған