Иіссуді ұнатасыз ба? Оны қаншалықты жиі ауыстырасыз? Әлде әлі күнге дейін үйреншікті иіссуыңызды себініп жүрсіз бе? Ендеше, парфюмерия әлеміндегі жаңалықтарға көз жүгіртіп, жаңа әтір алуды жоспарға қойыңыз.

«Chanel» үйі иіссуларын жаңа құтыда шығарды

Ең соңғы жаңалық: Chanel сән үйі мерекелік маусымға орай Chanel № 5 әтірсуын қызыл шыныда шығарды. Иісі өзгермеген. Құрамы сол баяғы парфюмер Эрнест Бо жасаған гүлдер мен альдегидтен тұрады. Сонымен қатар, бұл сән үйінің тағы бір әтірі № 5 L’Eau «киімін ауыстырды». Мұның иісі бірінші әтірге қарағанда жеңілдеу әрі гүлдің иісі басым. Не дейміз, парфюм сүйетін бикештер мен әтірін инстаграмға мақтанып қоятын жандар үшін жақсы жаңалық деуге болады.

Келесі иіссу «GIORGIO ARMANI» брендінің «SÌ PASSIONE»  әтірі

Giorgio Armani сән үйі 2017 жылы Sì Passione әтірін шығарды. Әтірдің жарнамасына әйгілі модель Адвоа Абоа түсті. Бұл модельді текке таңдамаса керек-ті. Адвоа өзіне сенімді, ерекше модель екенін көпшілігіміз білеміз. Дәл сондай, әтір де өзіне сенімді ханымдарға арналған. Иісін тым тәтті деп сипаттауға болады. Құрамында алмұрт, қарақат, грейпфрут, ананас және ақ балқарағайдың иісі басым.

«DIOR» сән үйінің «JOY»  иіссуі

2018 жылдың жазында көпшілік асыға күткен Dior сән үйінің Joy әтірі дүкендердің сөресіне шыға бастады. Casual стилін ұнатсаңыз, онда нағыз сізге лайық иіссу осы болмақ – иісі жеңіл, күнделікті себінуге арналған. Соған қарамастан құрамындағы иістер өте мәртебелі ноталардан тұрады. Әйелдік шармды ашатын роза, жасмин, цитрустық ноталар бар. Әтірдің жарнамасына атақты Дженнифер Лоуренс түскен.

«CARTIER» үйінің иісі гүлді  «CARAT» парфюмі

Биыл Cartier бренді әйелдерге міндетті түрде ұнайтын «Carat» атты парфюм шығарды. Атының өзі айтып тұрғандай, шынысы бриллиант тәрізді жылтырайды. Бір қарағанда асыл тасқа ұқсайтын, атына затын сай етіпті. Иісі жеңіл, балғын, тазалықтың иісі. Құрамындағы шегіргүл, құртқашаш (ирис), нәркес және жауқазынның иісі мұрынды жарып, сізге бірден ұнары анық.

«Bvlgari» брендінің «Goldea Absolute» иіссуы

Осы жылдың күзінде Bvlgari сән үйінің парфюмері Альберто Морильяс қара жұпар су, ақгүл, пачули және қара өрік пен ваниль  қосылған, иісі жұпар аңқитын иіссу шығарды. Иіссудің әдемі ноталарынан бойды шектен тыс сезімталдық кернейді. Сыртқы шынысын қара түсті етіп таңдаған. Мұнысымен, әтір егесіне жұмбақтық беріп тұратынын көрсетеді.

«BYREDO» швед брендінен «ELEVENTH HOUR» әтірсуы

Byredo бренді парфюмерия тізімін тағы бір жаңа иіссумен толықтырды. Eleventh Hour иіссуінің атауында мән жатыр дейді парфюмерлер. Олардың айтуынша, он бірінші сағат маңызды іс үшін соңғы мүмкіндік дегендей мағына астарлайды дейді. Құрамында інжір жемісінің иісі басым. Бұл иіс нотасы кез келген иіссуды өзіне ынтызар еткізеді.

Мақаланы https://pix-feed.com және https://www.vogue.ru сайттарынан жинақтап, аударған Райхан Әкімбаева

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған