Көңіл-күйіңіз адамдармен араласқаннан кейін түсіп қала ма? Негативті энергиялы адамдар тек көңіл-күйге ғана емес өміріңді де құртып жібереді. Сондықтан негативты энергия тартуды тоқтату керек. Ашық, жақсы адам болған жақсы, бірақ сіз, сіздің қамқорлығыңызды, энергияңызды пайдаланып кетуге жол бермеңіз.

  1. Адамдардың бәрінің көңілінен шығуға тырыспаңыз. Адамдар өз наразылығын білдіру арқылы сізді шатастыруы мүмкін, олардың айтқан әр сөзін өз көңіліңізге алуды доғарыңыз. Адамдардан мақтау күтуді доғарыңыз. Адамдардың бәрі қалағандай адам болып, олардың қалағанын өмір бақи жасап жүре алмайтыныңызды өзіңізге түсіндіріңіз. Өзіңізді жақсы көріңіз, сізді сыйламайтындардан аулақ болыңыз.
  2. «Энергетикалық вампирлерді» алыста ұстаңыз. Кейбір адамдармен жай сөйлесудің өзінен шаршап қаласыз ба, онда ол адамнан алшақ жүріңіз. Ондай адамдарды «Энергетикалық вампирлер» деп атайды. Ол адамдар өзіне қолдау қажет болған кезде бірінші сізді іздейді, ал сізге керек кезінде оны таппай қаласыз. Олар қаншалықты наразылықтарын айтқан сайын, олар соншалықты сылтау ойлап табады. Сіз оның мәселесін шешуге міндетті емессіз, бір реттен артық көмек сұраса араласуды доғарыңыз.
  3.  «Жоқ» деп айтыңыз. Өз шекараңызды анықтай алу маңызды. Сіздің жеке пікіріңізге, шешіміңізге, ойыңызға ешкімді өткізбеңіз. Егер ол сіздің жеке ісіңізге араласа бастаса ол адам сізді адам ретінде санамайтынын, сізді бағалмайтынын білдіреді. Сондықтанда, өз шекараңызды анықтап беріңіз.
  4. Өзіңіз жалғыз өткізген уақытпен рахаттаныңыз. Ваннаға түсіп, не таңертең төсекте ойланып жатқан уақыттарыңызды бағалаңыз. Өзіңіздің ішкі дауысыңызды тыңдаңыз, өзіңізге уақыт бөліңіз. Өзіңіз қалап тұрған нәрсені істеңіз. Жалғыз өзіңіз киноға барғыңыз келе ме, барыңыз. Өзіңізбен өзіңіз қарап рахаттаныңыз. Қиналған сәтте далаға шығып серуендеңіз.
  5. Өзіңіз үшін жауапты болыңыз. Айналып келгенде өзіңіздің не қалайтыныңызды білетін жалғыз адам ол сіз өзіңіз. Қандай ортада болсаңызда шешімді тек өзіңіз қабылдауға құқылысыз. Өз эмоцияңыз үшін жауапты бола бастаған сайын, сіз басқалардың ықпалынан айырыласыз. Сіз өзіңізге сенімді болып, өзіңізді сүйе бастаған кезде, сіз күш пен төзімділікке ие боласыз. Әрқашан позитивті ойлай бастасаңыз, негатив жағдайлар азаяды.

Адамның өмірінде алып жатқан нәрсенің бәрі адамның өзіне, өзіне деген қарым-қатынасына байланысты. Сондықтан өзіңіз үшін әрқашан бірінші орында өзіңіз болыңыз! Жоғарыдағы кеңестерді ұстасаңыз өзіңізді, өз өміріңізді өзгерте аласыз. Сіздің бақытты болуыңыз тек өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз!

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған