Адамдардың жағымсыз энергиясынан қорғану

Айналамыздағы адамдардың жағымсыз энергиясын жұтпауды үйрену – бұл үлкен рухани қабілет. Эмпатия ( лат. empatheіa ) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеті.

Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Симпатия – басқа адамдарға жанашырлық сезімі.  Жиі «эмпат» күйінде болу бізге теріс әсер етуі мүмкін. Басқа адамдардың жаман әсерінен өзіңді қорғау үшін төмендегі ережелерді ұсынамыз.

 

  1. Есіңізде болсын, сіз бәрінің көңілінен шыға алмайсыз. Егер біреу сізге шағымданса, ол адамға ұнауға тырыспаңыз. Ол сізден тек энергия алады, сіз оның пікіріне энергетикалық тұрғыда тәуелді болып қаласыз. Ең алдымен өзіңізді жақсы көріңіз, сонда ғана басқа адамдардың пікірінен қорғана аласыз. Сондай-ақ, сіз бәрін өзгерте алмайсыз. Мұны өзгертуді өмірлік миссияңыз етіп алмаңыз. Сіздің қолыңыздан келетін ең жақсы іс – айналаңыздағы адамдарды өз энергияңызбен қоректендірмеу.
  2. Әркімнің жеке өмірі бар екенін ұмытпаңыз. Өз жеке өміріңізге ешкімнің араласпауы, қол сұқпауы үшін шекараңызды айқындап алыңыз. «Жоқ» деп айтуды үйреніңіз, жоқ дегеніңіз үшін өзіңізді кінәлі сезінбеңіз
  3. Қырттарға назар аударуды тоқтатыңыз. Паразитке тіршілік ету үшін тірі ағза қажет. Сіз басқа біреуге назар аударғанда, сіз оған энергия бересіз. Энергетикалық вампирлер сіздің энергетикалық қорыңызды азайта отырып, сіздің ойыңызды ұрлайды. Кейбір адамдар сізге теріс энергиясын артып қойып, келесі бір құрбан табуы мүмкін. Ішіңдегіні айтып босатып алу үшін тыңдар құлақ керек ақ, бірақ көсіліп сөйлеудің шегі бар екенін ұмытпаған жөн. Барлық эмоциялар сіздің энергияңызды сарқып, өміріңізді өзгертуі мүмкін. Өзіңізді жақсы көріңіз, тыңдағыңыз келмеген әңгімені кез-келген уақытта тоқтата аласыз. Осылайша зиянды энергия жұтуды доғарасыз.
  4. Табиғатқа серуенге шығыңыз, медитация жасаңыз, демалыңыз. Дене жаттығуларымен айналысыңыз. Көбелек сияқты жеңіл әрі жылдам қозғалыңыз. Тыныс алу бүкіл ағзада қан айналымын жақсартады және сізді қоршаған адамдардан теріс энергия алмауға әсер етеді. Өзіңізге сенімді болыңыз., көңіл-күйіңізді, басты жоғары көтеріңіз. Жұлдызқұрт айналасын жалмап жеп, семіріп қозғалысқа икемсіз болып қалады. Ұшу үшін ең алдымен жеңіл болуы керек.
  5. Ойыңыз бен эмоцияларыңыз үшін 100 % жауапкершілікті өзіңізге алыңыз. Жаратқан бізді сынау үшін біздің өмірімізге түрлі адамдарды жібереді. Өзімізді бар болмысымызбен қабылдап үйрену басқаларды қабылдағаннан да қиын. Сіз құрбан емессіз, ешкім сізге өктемдік жүргізе алмайды. Ойланыңызшы, сізді алаңдататын жағдайда ойыңыз бен күткеніңіз қалай көрініс табады. Егер бәрі сіздің шыдамдылық деңгейіңізге байланысты болса не істеу керек? Сіз барлық әрекетіңіз үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алған кезде ғана ішкі гармония орнайды. Энергияңыздың деңгейін арттырудың амалын жасаңыз. Өзін басқа адамдардың энергиясынан қорғау – өзіңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Есіңізде болсын, сіз бақыт пен бейбіт өмірге лайықтысыз.                                                                                     

#Мақпал Шайхистамова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған