Адамның жеке шекарасы

Адамның жеке шекарасы, жеке кеңістігі дегеніміз өте маңызды нәрсе. Адамның жеке кеңістігі – ол көзге көрінбейтін сіздің және әлемнің арасындағы көрінбейтін кеңістік, ең басытысы сіздің басқа адамдармен араңыздағы арақашықтық. Бұл арақашықтықта сіз өзіңіз қожайынсыз және өзіңізге қатысты кез-келген шешімді тек өзіңіз қабылдай аласыз.

Адамның жеке кеңістігінің маңыздылығын есептеу мүмкін емес. Ол мына нәрсеге байланысты:

  • Өз қызығушылығыңызды жоғары қою. «жоқ» деп айтқыңыз келсе, айтыңыз.
  • өзіңізді, өз қалауыңызды қажеттілігіңізді анықтап алу.
  • қарым-қатынаста және басқа маңызды бөлімдерді тепе-теңдік сақтай алу.
  • өзіңізге сену және тұрақты өзін-өзі бағалау.

Көп адамдар өзінің жеке кеңстігін сақтай алады. Біз өзіміз түсінетін деңгейде тәрбиеліміз.

Қарым-қатынас кезіндегі жеке кеңістік. Бізде өзімізге деген сенімділік пен сабыр бар кезде біз дұрыс қарым-қатынас құра аламыз. Ол жерде табынушылық, болмайтын нәрселерді күту, қызғану деген болмайды. Адамдардың көбінде өзін қауіпсіз сезінудің аздаған түйірі болмаған кезде адамның жеке кеңістігі бұзылады. Адам өзінің де, өзгенің де жеке кеңістігін сыйлау керек, адамның өзіне арнаған уақыты болуы керек, қызығушылығы, өз таңдауы болуы керек. Мен үйлендім екен деп, не оның енесі, не оның анасы, әкесімін, әпкесімін, досымын деп оның жеке кеңістігіне қол сұқпау керек.
Адам өз жеке кеңстігін сақтай білу керек, сонда ғана басқалар оны бұза алмайды. Әр нәрседе баланс сақтай білу керек, өз кеңістігімді сақтадым деп біреудің кеңістігіне шабуыл жасамаңыз.

Жеке кеңстікке қол созу әр түрлі жағдайда орын алады. Ол жәй ғана өз ойыңды айтудан, өсектеуден, жамандаудан, оның табиғи жаратылысына кемшілік айтудан, оның ойын түзеуден, оның уақытын бағаламаудан, оның еңбегін бағаламаудан және т.с.с.

Көріп отырғаныңыздай адамның жеке территориясын ең қарапайым сөзбен бұзуға болады. Сондықтан, өзіңізді қалай құрметтесеңіз кез-келген адамды солай сыйлаңыз. Себебі ол да сіз сияқты адам.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған