Әдемі және ақылдылды қыздарға махаббатын кездестіру неге қиын

Әдемі және ақылды қыздарға махаббатын кездестіру оңай деп ойлаймыз, бірақ өзіміз байқағандай олай болмай шығып жатады. Себебі неде, себебін тарқатайық:

1. Ерадамдар өзін саған тең санамайды

Егер расымен ақылды және әдемі болсаң, мұны елдерде, жігіттерде мұны бірден байқайды. Бірақ, көптеген жігіттер сені қаратуға тырыспайды, ойламайды да оны. Себебі олар сені өзінен артық санайды, сен оған қарамайды деп ойлайды. Әрекет жасау бекер деп ойлайды.

2. Сен орташылыққа келісе қоймайсың

Егер сен өз қалауың мен сұрауларыңды азайтсаң баяғыда жігіт тауып алар едің. Бірақ, сен тым жоғары талап қоясың және оны өзіңнің санаңада сіндіріп аласың. Жақсы жігіт кездескен күннің өзінде сен одан жақсысы жолығып қалады деп ойлайсың. Кейде тіпті жігітті жақсы көріп тұрсаң да, санаңа сіңіп қалған «менменшілдік» оған жоқ деуге мәжбүр етеді. Бірақ, бұл саған өз бағаңды түсір деген сөз емес, дегенмен ақылмен шеш.

3. Сенің өзіңе сенімділігің қорқытады

Сен тәкаппар емессің, бірақ бағаңды білесің. Сен өзіңді бұл өмірде ештеме басыңды идіре алмайтындай ұстайсың, бұдан еркектер қорқады. Бірақ, бәрібір мықты әйелдерді ұстай алмайтын жігіттердің саған қажеті жоқ қой.

4. Сен жалғыз қалудан қорықпайсың

Керемет әйелдер өздерінің өмірлерін қызықты етудің жолын біледі. Олар өздеріне қарайды, баға алады. Қалаған нәрсесіне қол жеткізе алады. Сондықтан да олар ұзақ уақыт жалғыз қалады, себебі олар жұп табуды көп ойлай бермейді.

5. Сен дұрыс емес адамдарды тартасың

Сінің ерекшелігіңді тек жақсы адамдар ғана емес жаман адамдарда байқайды. Біраз жаман жігіттер өздерінің саған сай емес екенін білсе де сені пайдаланып кеткісі кеп тұрады. Кейде сен бұл жағдайды тек кеш байқап қаласың.

6. Сен тым шыдамдысың

Сенде қарым-қатынас пайда болған кезде сен тым ұзақ мейірімді және шыдамды келесің. Бұл қасиеттер сені жақсы адам екеніңді білдіреді, бірақ сен оған тым көп нәрсені кешіріп қойған жоқсың ба? Егер ол сені бағаламаса, бұл қарым-қатынасты одан әрі созудың мәні бар ма? Өзіңді бағалай білген адаммен ғана болуды ойла.

7. Сенің қолың әрқашан бос емес

Сен үйде құры отырып, өзіңнің аңсағаныңды үйде отырып күтетін адам емессің. Сен әлеуметтік жағдаймен, хоббиіңмен, мансабыңды қалыптастырудан қолың тимейді. Сенің жұмыс уақытыңның көптігі сонша сен бір жерге барып танысуға уақыт таба бермейсің. Кездесуге шақырып жатса да сен көбіне өз жұмыстарыңмен бармай қаласың. Мүмкін, біраз уақыт қарым-қатынасқа уақыт бөлерсің?

Әлі де махаббатыңызды кездестірмеген болсаңыз, осы себептерге бір көз жүгіртіп өзіңізден байқап көріп, анализ жасаңыз. Мүмкін, расымен осы себептер сізге кедергі келтіріп жүрген шығар?

Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған