Әйел күшті болсын десеңіз

Қыз өсіріп отырған ата-анаға керек кеңестер

Сүйіктіммен алғашқы жұмыс орнымызда бастан кешкен оқиғаларымызбен бөлісе отырып, сол кезеңдерде қандай тәртіпке бағынышты адамдар болғанымызға таң қалдық. Сюзан Парижде жұмыс істеген компаниясындағы басшы әйелді есіне алды. Болмашы нәрселерге ашуға булығып, “сендер бос кеудесіңдер” деп айқайға басатын. Бастығы осылай айқайлағанда Сюзан үнсіз жылап, дәретханаға тығылатын. «Студент кезімде қатарластарымның алды болатынмын, бұған дейін мұндай сәтсіздіктерге ұрынбаппын» дейді. «Жағдайды өзгертетіндей, я болмаса жұмысымды тастап кететіндей өзіме деген сенім жоқ еді».

Шари болса, Нью-Йоркта бір журналда қызмет етіп жүргенінде қалай әрекет етерін білмей, абдырап қалған жағдайды бастан кешірген. Бас редакторға бір құжатты факспен жіберуді ұмытып кеткен күні редактор одан жалпы жиналыстан кейін жеке қалуын сұрайды. «Бас редактор барлығы шығып кеткен соң есікті жауып, менің оның көңілін қалдырғанымды айтты. Сол кезде мен тезірек сыртқа шығып кетуді ғана ойладым». Шари редактордың алдында өзін қалай ұстарын және қалай жауап берерін білмеді. Бұл әрекетін ол қателескенін білсе, өзін қорғай алмайтынымен түсіндірді.

Сюзан мен Шари өздерін қорғауды, қарсы жауап қайтаруды, мансап жолының басында үйренгеніскенше бәріне шыдау керектігін ойлады. Алайда қыздарының осылай қиналғанын көргісі келмейді, бірақ осындай бір астарлы дәрісті оған қалай жеткізуге, үйретуге болатынын әлі білмейді. Орта мектепте оқып жүрген қыздары проблема тумас үшін тәуекелге барудан қорқады, ұяң әрі тартыншақ болып өсіп келе жатыр.

Психолог ретінде және 13 жасар қыздың анасы ретінде осы тақырып үнемі мені алаңдатады. Төменде көрсетілген жеті кеңес ата-аналарға мектеп жасындағы қыздарының бойында келешекте, қызмет барысында қажет болатын дағдыларды дамытуға және қорғансыз қалған жағдайларда өзіне сенімділікті нығайтуға көмектеседі.

Мінсіз болуға тырыспа

«Жақсы қыз болудың лағынеті: батыл және өзіне сенімді реалист қыздарды тәрбиелеу» атты кітаптың авторы Рэйчел Симмонс (Rachel Simmons), өзін қабылдатуға тырысатын қыздардың өзін тәуекелден аулақ ұстайтынын атап өткен. «Егер тұла-бойы мінсіз қыз болсаңыз, сіздің ойыңызша сәтсіздік — басқалардың көңілін қалдыру дегенді білдіреді». «Жарыста бір гол жіберіп алдым, қап!» – деудің орнына сіз, «Енді бәрі мені жек көріп кетеді» – деп ойлайсыз. Симмонс, ата-аналарға өнімділікке көбірек көңіл бөліп, қыздарының өз сәтсіздіктеріне қатысты ұзақ ойланып, бас ауыртудың аса қажеті жоқ екенін түсіндіру қажет дейді. Егер сәтсіздікке қамығып, ол туралы көп ойлана берсе, ол сезім арта түспесе кемімейді.

Симмонс, ата-аналардың нәтижеден гөрі процеске көбірек назар аударып, осындай ойдың алдын алуға болатынын айтады.

«Өзіңе сену коды» кітабының авторларының бірі және 11 жастағы қыздың анасы Клэйр Шипманның ойынша, сәтсіздіктер адамды шыңдайтынын түсіну жұбаныш сыйлайды. «Сәтсіздікке қамығып көңіл түсірудің орнына, жарайды, бұл да бір өмір сынағы деп айта аламын және қызыма ары қарай сағы сынбауы үшін қолдау көрсете аламын», – дейді ол.

Қызы футбол командасына іріктеуден өте алмай қалғанда Шипман қызы спортты біржолата тастап кете ме деп қорықты. «Оған басқа да іріктеу болатынын, оны міндетті түрде қабылдайтын команда табылатынын айттым. Қорқынышпен 24 сағатты өткіздік, бірақ содан кейін қызым спортты жалғастыруға шешім қабылдағаны үшін бақыттымын».

Өзіңе жетекші белгілеп ал

Қыз өсіруші ата-аналар, қыздарына құрметті бір тұлғаны өздеріне жетекші ретінде қабылдап, олармен кеңесіп отыруды әдетке айналдыру керек. Бұл кісілер, сынып жетекшісі, нұсқаушы, тәрбиеші, коуч немесе кейіннен жұмыс орнындағы супервайзерлері болуы мүмкін.

Симмонс, жетекшілердің қыздар үшін өздеріне бір мән беріліп, көңіл бөлініп жатқанын және өздерін тыңдап жатыр дегенді сезіне алатындай бір кеңістік қалыптастыратынын, осының нәтижесінде қыздар басқалардың тарапынан сынға ұшырау немесе жазғыру сияқты қорқыныштардан арылып, өз болмысын шынайы көрсетуіне көмектеседі дейді.

Жетекшілер қыздардың ерекшеліктерін сәтсіздік деп қабылдаудың орнына өзінің басқалардан артық тұсы ретінде қабылдауына септігін тигізуі мүмкін. 14 жастағы қыздың анасы және UBS Инвестиция Банкінің технология, медиа және телекоммуникация бөлімі басшысының орынбасары Джанин Шелфо өз карьерасының алғашқы жылдарында, өз темпераменттерін қабылдауға көмектесетін рөлдік модельдердің көмегі көп тигенін атап көрсетуде. Осы рөлдік модельдер оған табысты мансапқа жетудің тек бір ғана жолы болмайтынын көрсеткен. Шелфо, жетекшілердің бір жыныстан болуы шарт емес екеніне тоқталып, өзіне қатысты ең ықпалы көбірек болған жетекшілердің кейбірінің қыздардың әкесі бола алатынын да айтуда. Тіпті олардың қызмет барысында әйелдердің табысқа жетуіне кедергі келтіретін және айтарлықтай көзге көріне бермейтін тосқауылдарға басқалармен салыстырғанда көбірек әсерленетінін мысал келтірген.

Өз жетістігіңді иемден

Ата-аналар қыздарына жұмыстарында өздеріне ұпай жинауда батыл болуды үйретуі маңызды. Шипманның ойынша, жігіттермен салыстырғанда қыздар көбінесе өз жетістіктерін шанспен байланыстырып, сыпайылық танытып, не болмаса басқа біреудің арқасында жеттім деп көрсетуге бейім келеді. Себебі қыздар, менменшіл және мақтаншақ болып көрінгісі келмейді, тек тәртіпті болып көрінгісі келеді. Алайда, Шипманның ойынша негізгі проблема, қыздардың уақыт өте өздері айтқандарына сене бастауы және өз-өзінен күмәндана бастауынан басталады.

«Мәскеуде шетелдік журналист болып жұмыс істеп жүргенімде көбісі менен ол жаққа баруға қалай қол жеткізгенімді сұрайтын еді, мен болсам аздап қысылып, өзім де білмеймін деп жауап беретін едім» деп әңгімеледі Шипман. Ақ Сарай туралы репортаждар мен хабарларды да дайындай бастайды және мұндай өзгеріске өзі де іштей қорқынышпен қарайтын еді. Ал егер осылай өздігінен болды деп сенудің орнына, «Міне, қараңыздар, Мәскеуде мен қандай жетістіктерге жеттім» деп айтқанымда, өзіме көбірек пайдалы және энергиясы көп ақпарат жіберер едім, соған сенер едім».

Ата-аналар, өзіне сенімділік пен өзін бағалай білудің ешқандай да менмендік емес екенін айтып, қыздарының бойындағы сенімділікті арттыруға ықпал етуі мүмкін. Шипман айтқандай, «Мұғалімдер мен жұмыс берушілер қабілетті және өзіне еліктіріп алатындай адамдармен қарым-қатынас орнатқанды дұрыс көреді».

Өз ақшаңды өзің басқар

Қыздар өздері ақша тауып үйрене бастағанда ата-аналары банктен бір шот ашып немесе тапқан табыстарын қалай арттыруға болатынын үйретіп, жәрдем етулері тиіс. Шелфо, өзінің қызына негізгі қаржы терминдері мен түсініктерін түсіндіру үшін жиі-жиі өзінің жұмысына қатысты әңгімелерді әңгімелеп беретін. Тәуекел мен сыйақы арасындағы байланыс, ақшаның уақытқа байланысты құны мен шамадан тыс қаржылай үнемділіктің қаупі және т.с.с. Шелфо, бұл кеңестердің келешекке қатысты ақша жинау және ақылды түрде инвестиция жасау турасында қызының дұрыс шешім қабылдауына орасан зор көмегі болады деп үміттенеді.

Симмонс қызын бала күтушіліктен табатын табысына қатысты саудаласуы үшін ынталандыруды жоспарлауда. «Менің ойымша жалақы туралы талқылап оны келісіп алуды үйрену өте маңызды және көптеген жас әйелдерде мұндай қабілет жоқ» дейді Симмонс.

Өз болмысың үшін аянба

Ата-аналар қыздардың жауапкершіліктерін, приоритеттерін (басымдықтарын) және қайта күш жинап алуға керекті уақыттарын дұрыс жоспарлап қолдануын үйретуге көмектесуі мүмкін. Өзінің таңдауымен жалғызбасты ана болған Симмонс, «қыздар осы қабілеттердің көптеген тұсын аналардан үйренеді» дейді. Симмонс, саналы түрде қозғалысқа толы өмір сүруден бас тартқан. Аналар, «жоқ, қазір сені ала алмаймын» деп өзін үлгі ете алуы керек. Баласы үшін не жасап жатса да аз санайтын кәдімгі «жақсы ана» моделі негізінен алғанда қыздар үшін шынында да өте қауіпті бір мысал екенін атап көрсету керек.

Ата-аналардың балаларына өзара теңдікті сақтаған, баланстағы бір модельді үлгі етуімен қатар, аналар карьераның да өмірде бір қуаныш сыйлайтынын мысал ретінде көрсетуі маңызды. «Балаларынан алыс қалғаны үшін өзін кінәлі санайтын көптеген аналарды танимын. Осы аналар өз карьерасының саналы түрде өздерін шабыттандырады не болмаса өздеріне бір ләззат сыйлайды деп айта алмайды, олай айтуға қысылады» дейді Шелфо. Ана-аналардың үйдегі ортақ өмір сүру модельдерінің ұзақ уақытқа созылатын әсері болуы мүмкін. Шелфо, қызының гендерлік стеоротиптерге толерантсыздығын, қызы кішкентай кезінде оған көбінесе қараған адамның күйеуі болғанымен байланыстырады.

Өзіңді қорға

Оқу барысында болсын, жұмыс тәжірибесінен өткенде болсын, ата-аналар қыздарына проблемаларын өз жауапкершіліктерімен шешуіне көмектесіп, тек жетекшілік етуі қажет. Өздерін көрсетуіне және өз ойларын жеткізуі үшін мүмкіндіктер іздеуіне тек ынталандырып отыруы керек. Бұл, сыныптағы пікірталастарға белсенді қатысуына, келіссөздер жүргізетін топқа қосылуына немесе бір тақырыпқа қатысты өзінің қарсы пікірін білдіре алуына көмектеседі.

Өткен жолы мысалы, Шипманның қызы, мектепте ұйымдастырылған бір шараның тек ұлдарға қатысу мүмкіндігі берілгеніне көңілі түсіп, барынша өзін қолға алып батылдық жинап, мектеп басшылығынан шараның талаптарын қайта қарап шығуды сұрайды. Нәтижесі көңілінен шықпаса да, бүкіл қыздың атынан өзі шығып солай өкілдік еткені үшін өзін ерекше сезінді. Бұл болса, Шипман үшін бір үйрену тәжірибесі болды. «Негізінде нәтиженің сондай бір айтарлықтай маңызды емес екенін байқадым, себебі өзін қорғауға тырысуының өзі маңызды бір тәжірибе болатын!».

Ата-аналар қыздарының алдында өздерінің не ойлайтынын ашық айтуға мән берулері қажет. «Кішкентай кезімде анам, атақты бір ресторанда отырғанымызда қуырылған картопты ыстық емес деп шағымданған болатын. Сол сәтте өзімді қатты ыңғайсыз сезіндім, бірақ 30 жасқа келгенімде өзім де сол әрекетті қайталап жатқанымды байқадым» дейді Симмонс. Оның ойынша ата-аналар, не нәрсенің қалай әсер ететінін білмеуі мүмкін, бірақ қыздары үнемі олардың әр әрекетін бақылап тыңдап отырады.

Өз мақсаттарыңды белгілеуіне ешкімге рұқсат берме

Егер ата-аналар қыздарының үлкен армандары болғанын қаласа, оған қолдау тобы ретінде жанұясы, туыстары немесе келешектегі қызметтестері болсын, қай-қайсысының белгілі бір мөлшерде маңызы болатынын көрсетуі керек.

Ешкім барлық жағынан табысты бола алмайды. Ата-аналар қыздарын позитив ұстанымды сақтап қалуына және сүрініп қалғанда да өздерінің ішкі құндылықтарына сенуіне қайраттандыру керек. Егер сәтсіздікті бастан өткермесе және қателік жасап шалыс баспаса, қыздар өз күштерінің әлеуетін сезінбеуі, білмеуі де мүмкін және бір шешімге келе алмауы мүмкін. Бірқатар қиындықтар мен жеңілістерден кейін қандай да бір жеңіс күтіп тұрғанын сенудің өзі оларды бақытты ете алады.

Ата-аналар бір жоспар дайындаулары үшін қыздарына әр қадам сайын сұрақ сұрап отыруы керек. Қандай жетістікке жеткісі келеді? Ішінен сенімділік пен ынта сыйлап тұрған не нәрсе? Бағыты белгісіз бір жолда кетіп бара жатса да немесе бұрылысы мен қалтарысы көп жолмен кетіп бара жатса да, егер де жүргізушінің орнында өздерін сенімді сезінсе өмір жолы оңайырақ және еркін болады.

Түрікшеден аударып дайындаған: @ДинараТалдыбаева

Мақаланың түпнұсқасы: washingtonpost.com және egitimpedia.com

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған