Әйелдер тайм-менеджментінің негізгі 10 құпиясы

Бүгінгі күні әйелдер уақыт жетіспеушілігін қатты сезінеді. Себебі оларға көп жағдайда әмбебап болуларына тура келеді. Үй шаруасы, бала тәрбиесі мен қатар қызмет істеп ақша табу міндеті де бар. Сөйте тұра, айналасына көрік беріп, ажарланып жүру де олардың міндеті сияқты. Бірақ уақыты мен күш-қуатын дұрыс жұмсамаған жағдайда бұл оларды күшті стресс пен күйзеліске әкелуі мүмкін.  

Қалай 24 сағатта бәріне үлгеруге болады?

  1. Уақытты жоспарлаңыз. Мұны қалай істеуге болады? Күнделікті ұйқыға жатар алдында 10 минутыңызды келесі күнді жоспарлауға арнаңыз. Егер екі тізім жасасаңыз тіпті жақсы. Оның бірі – істеуіңіз міндеті, уақыты белгілі жұмыстар тізімі (мысалы: жұмысқа барып-келу уақыты немесебалаңыздың мектеп пен үйірмелерге барып-келетін уақыты), ал екіншісі – қалаған уақытыңда істеуге болатын, бірақ қажетті шаруа (мысалы: душтың кранын ауыстырту, бетке маска жасау).
  2. Көңіліңізді бөлетін не екенін анықтаңыз. Біреулер смартфонға телміріп, уақыттарын құры бос өткізеді, кей біреулер құрбыларымен шай ішіп, әңгімелесуге тым көп уақыт жұмсайды. Алдымен пайдасыз өткен уақытыңызды есептеңіз, сосын ол уақытты қысқартуға тырысыңыз.
  3. «Құрбақаңызды өлтіріңіз». Уақытты басқаруда «құрбақа» деген түсінік бар. Ол өзіңіз қаламайтын, ұнатпайтын іс. Ең алдымен сол «құрбақаның көзін құртыңыз», ары қарай бәрі жеңілдейді. Сондықтан өзіңізге ұнамайтын істі кейінге қалтырмаңыз, бірінші істеңіз.
  4. Өзіңізді мақтаңыз. Азды-көпті істеген әр бір ісіңіз үшін өзіңізді мақтап отырыңыз. Бұл сіздің өз-өзіңізге сенімділігіңізді арттырып, қолыңыздан бірдеңе келетіндігіне көзіңіз жете түседі.
  5. Балаңыздан уақыт аямаңыз. Көптеген адамдар өмірінің соңғы сәтінде жақындарына көбірек уақыт бөлмегеніне өкінеді екен. Бұдан бөлек балалардың энергиясы көп болады. Олармен сөйлесіп, бірге ойнау арқылы сіз баланың позитивті энергиясын бойыңызға қабылдайсыз.
  6. Үй тірлігін соңғы орынға қойыңыз. БІз қазір өте дамыған, ыңғайлы заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан заманауи техниканың игілігін барынша пайдалануға тырысыңыз. Кірді кір жуғыш машина, ыдысты ыдыс жуатын құрылғы жусын. Ал сіз шығармашылық, ой еңбегімен айналысыңыз. Себебі солай сіз көбірек нәтижеге қол жеткізе аласыз.
  7. Секс. Төсек қатынасы иммунитетіңізді көтеріп, көңіл күйіңізді жақсартады, күш-қуат беретін де қасиеті бар.
  8. Алкоголь мен темекіні ұмытыңыз. Темекі шегетін адам күніне қанда уақытын далаға шығып, кіруге арнайды? Ол оған еш пайда әкелмейді, тек зиянды әдет. Ал ішімдік туралы сөз қозғаудың өзі артық. Зиянды әдеттер сіздің энергияңызды алады, сапалы өмір сүретін адамның әдеттерінде алкоголь, темекі сияқты дүниелерге орын жоқ.
  9. Ерте тұру. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық…» деген мақалды бәріміз білеміз. Ерте тұруға дағдыланыңыз. Күннің шапағы қылаң берісімен-ақ төсектен тұрып кетіңіз. Сосын кешкісін уақытында жатып, 7-8 сағат ұйықтап ұйқыңызды қандырыңыз. Адам табиғаттың басқа мүшелері сияқты күн жүйесіне сәйкес тіршілік етуі керек. Ғаламның заңдылығын бұзбаңыз, әйтепесе энергияңыз тіршілік етуге жетпей қалуы мүмкін.
  10. Спорт. Уақытыңыз қанша тығыз болса да спортпен айналысуды ұмытпаңыз. Себебі, спорт сізге күнделікті энергия береді. Ал тайм-менеджменттің негізі көп нәрсе істеп үлгеру емес, энергияны дұрыс жұмсай отырып, өзіңізге пайдалы істерді тындыру!

@Балжан Жеңісқызы

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған