Әйелдерге арналған Empower тағылымдамасы

WomenInTechPk және Ananke техникалық және сандық медиа-тренингтер арқылы әйелдердің талантын аша түсу мақсатында өз күштерін біріктіріп Empower бағдарламасын ұсынуда.

Empower бағдарламасы – коммуникация, публикация, сандық (цифрлық) журналистика, жеке брендинг, онлайн маркетинг және адвокатура салалары бойынша нақты дағдылар мен тәжірибеге ие болғысы келетін  қыздар мен әйелдерге арналған бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – бүкіл әлемдегі әйелдерді оқыту арқылы құқықтары мен мүмкіншіліктерін кеңейту.

Артықшылықтары:

  • Іріктеуден өткен қатысушылар эксперттердің басшылығымен жұмыс жасау тәжірибесіне ие болады.
  • Қатысушыларға өндірістің әсері туралы сұхбат жүргізуден бастап сандық цифрлық кампанияларды ұйымдастыруға дейін тәжірибе мен білімді жетілдіретін ауқымды мүмкіндіктер ұсынылады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Медиа мен коммуникация саласы бойынша білім алуға қызығатын қыздар мен әйелдер қатыса алады;
  • Тағылымдама онлайн жүргізіледі, қатысушылар берілген тапсырмалардың басым бөлігін үйде отырып-ақ орындай алады, тек кейбір тапсырмалар бойынша арнайы орындарға кішігірім саяхат жасау керек болады;
  • Компьютер мен интернетке қосылу мүмкіндігі болуы керек.

Өтінімді қалай жіберуге болады?

Бағдарламаға қызығушылық танытқан үміткерлер резюме мен жолдама хатты  media@anankemag.com электронды поштасына жібере алады.

Дедлайн: 15 желтоқсан 2018 жыл

Тағылымдама туралы ANANKE ұйымының ресми сайтынан толық ақпарат ала аласыздар: https://anankemag.com/2018/11/10/a-digital-internship-that-empowers/

ANANKE ұйымы – MENA аймағы (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) және одан тыс аймақтардағы әйелдердің басын біріктіретін коммерциялық емес интерактивті платформа. Ұйымның мақсаты басшылықтағы әйелдерді жастарға модель ретінде ұсыну, жалпы жас қыздарға шабыт беретін рөлдік модельдерді көрсету, жан-жақты ақпараттар беру арқылы әйелдерді дамыту, әлеуметтік мәселелерден әйелдерді хабардар ету, әйелдердің әлеуетін лидерлік және мотивациялық әңгімелер арқылы арттыру. Сондай-ақ, ұйым БАҚ, байланыс және ақпараттық-насихаттау салаларындағы жетекші әйелдерді жалпыға насихаттау, қыздар мен әйелдердің құқықтарын арттыруды көздейді.  

@ДинараТалдыбаева

Сурет: https://anankemag.com

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған