Alibaba бір тәулікте 30 млрд доллардың тауарын сатты

Қытайдың Alibaba интернет-компаниясы  бойдақтар күнінде 213,5 миллиард юань (30,8 миллиард доллар) табыс тауып, өзінің былтырғы рекордын жаңартты. Бұл туралы CNBC хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, бір минут 25 секундта бір миллиард доллардың тауары сатылған. Еске салсақ, 2017 жылы компания 24,2 миллиард доллардың тауарын сатқан болатын.

Жыл сайын, 11 қарашада Қытай «бойдақтар күнін» атап өтеді. Дәл осы күні дүкендер 24 сағат бойы жаппай сатылым жасайды.

Ақпарат korrespondent.net сайтынан аударылды.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған