Ақшалы болғыңыз келсе, күнді дұрыс бастаңыз

Ғалам адамға барлық жағдайды жасап, өміріне жететіндей ақша беретіндей дархан. Ғалам көл-көсір, ол сіз өз керегіңізді алуыңызға ылғи дайын, бастысы қажетті сигналды бере біліңіз.

Кез-келген шектеулер өзіміздің басымызда ғана өмір сүреді. Ғалам сізге сіз қаншалықты жұмсай алсаңыз соншалықты бере алады. Сондықтан, осы уақыттан бастап қысылуды қойып, төменде жазылғандарды жасап өзімізге максималды түрде өзімізге сенімді болайық!

Ең бірінші таңды дұрыс бастаңыз, бұны барлық ақшалы бай адамдар біледі.

  1. Сонымен, таңертең ояна сала тұруға асықпаңыз тіпті көзіңізді ашпаңыз. Керіліп-созылып алып жаңа күнге қуаныңыз. Ішіңізден «Менің өмірімнің жаңа күні салем берем саған!» деп айтыңыз. Ғаламды сізге керемет және сәтті күн сыйлағаны үшін рахмет айтыңыз. Осы жоралғыдан кейін ғана асықпай тұрыңыз.
  2. Айнаның алдына келіп өз-өзіңізге тамсаныңыз, көзіңізге қарап осындай сұлу, сымбатты, керемет адам тек қана жақсыға лайық екеніне шынайы түрде сендіріңіз.
  3. Көңіл-күйіңіз жоқ болса да өзіңізді күлуге мәжбүрлеңіз. Күліп жүру өміріңіздің басты қару болсын.
  4. Айнаның алдында жоғарыдағы сөзбен ғана шектеліп қалмай өзіңіздің неге лайық екеніңізді нақты түрде қайталаңыз. Әсересе не, қанша жетпей тұрғанын нақтылап айтыңыз.
  5. «Мен тек ең жақсысына лайықпын! Мен Ғаламның маған берген сыйын қабылдауға дайынмын. Мен өзіме бағытталған ақша ағынын, көл көсір сәттілікті өзіме қабылдап аламын.» деп бірнеше рет қайталаңыз.
  6. Содан соң қолыңызды жоғары көтері алақаныңызды аспанға қарай ашыңыз – алақаныңызға тек жақсы әртүрлі сыйлықтар түссін! болды бүгінге осы жетеді деп өзіңіз сенген кезде алақаныңызбен бетіңізді сипап » Ғалам маған артығымен артылатын жетекілікті ақша берді!» деп айтыңыз!

Күндеріңізге сәттілік, ақшаларыңыз көп болсын!

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған