Арманыңды «жібер»!

Тақырыбы күлкілі көрінгенімен, техника дәл осыған негізделген әрі өте нәтижелі техникалардың қатарына кіреді. Бізбен бірге жасап көріңіз. 

Бұл техниканы орындау үшін сізге:

  • Бір ақ парақ пен қалам
  • Үрмелі шар
  • Сосын сіздің сырлы құпияңыз қажет

Ыңғайлырақ жайғасып, арманыңызды барынша нақты (алдымен ойша) тұжырымдаймыз. Қағазға жазамыз. Көзімізді жұмып, елестетеміз.

Алдымен, арманыңыз орындалғанын елестетіңіз. Қандай сезімдесіз? Арманыңыз орындалғандағы күйді барынша нақты елестетуге тырысыңыз, жан-тәніңізбен сезініңіз. Сезіндіңіз бе?

Ал енді арманыңыз орындалмай қалғандағы күйді елестетіңіз. Өмір тоқтап қалған жоқ қой? Арманыңыз орындалмай қалғанына да қуаныңыз, оның да қайырлы жақтары барын елестетіңіз.

Екі жағдайда да сезімдеріңіз бен эмоцияларыңыз бірдей болуы тиіс.

Енді шарды үрлейміз, арманыңыз жазылған қағазды ішіне саламыз, шарды мықтап байлап, аспанға ұшырып жібереміз.

Оған сәттілік тілеп, қол бұлғап шығарып салыңыз. Шарды жібергендей, арманыңызды да жіберіңіз. Бұдан былай бұл арманыңызға қайтып оралмаңыз, ойлай бермеңіз. Оның орындалуын Жаратқанға сеніп тапсырыңыз!

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған