Арықтау үшін психологиялық 5 кеңес

Арықтау психологиялық тұрғыдан өте қиын. Толық адамдардың арықтауы үшін бірінші кезекте мотивация керек және үлкен күш керек. Арықтағыңыз келсе бұл жұмысты миыңызға тапсырыңыз. Бірақ, алдымен онымен келісіп алу керек. Сонымен арықтауды қалай іске асырамыз?

1. Өзіңізге дұрыс мақсат қойыңыз. Арықтаймын деп шешсеңіз, енді не үшін арықтайтыныңызды анықтаңыз. Егер сіз «әдемі, арық, сымбатты болғым келеді» десеңіз – бұл дұрыс емес. Себебі бұл мақсат емес. Миыңыз мұны қабылдамайды, себебі ол үшін сіз онсыз да әдемісіз. Сондықтан бірінші мақсат өзіңізді жақсы сезіну болсын. Бұрындары баспалдақтан қиналмай шықсаңыз, қазір қиын ба? Соны есіңізге түсіріңіз. Осындай әр сәтте қалай қиналғаныңызды ойлап, терең сезініңіз сонда ғана миыңыз қабылдайды.

2. Мақсат қойған екенсіз дұрыстап армандаңыз. Мақсат қойылғасын, күнделікті осы туралы жиі ойлап өзіңізге мотивация беріңіз. «Иа, қазір қиын,бірақ кейін мен мақсатыма жеткен кезде бұдан күшті болады!» деп армандаңыз. Адамның миы әдемі бола салуды қабылдамайды, ми салыстырады. Адамның ағзасы еріншек, ми одан өткен еріншек. Мәселе жоқ болса ол да тыныш жата береді. Мысалы сіз айнаның алдына барып арықтап елесеттіңіз өзіңізді, сіздің миыңыз осыны қабылдап алады да ары қарай жұмыс жасауға ерінеді. Сондықтан, олай қиялдап миыңызды алдамаңыз. Сондықтан айнаға емес өзіңіздің кіші размерлі сүйікті көйлегіңізге қараңыз. Арық кезіңізде оны киген кездегі сезіміңізді есіңізге түсіріңіз, қайта кигеніңізді елестетіңіз. Бастысы: әсеріңіз позитивті болсын.

3. Дұрыс әдісті таңдаңыз. Өзіңіздің қарныңыз аш кезін, тоқ екенін нақты анықтап біліңіз. Тамақты тауысып ішпей, тойсаңыз қалғанын холодильникке сап қойыңыз, қарныңыз ашса жей алатыныңызды миыңызға жеткізіңіз. Тұссыз тамақтар ішіңіз, тұз тәбетті шақырады. Арықтау үшін таптырмайтын екі нәрсе бар, ол – пияз бен капуста.

4.  Қимылдаңыз. Күніне көп қимылдаңыз, ештеме істемесеңізде көбірек жүріңіз. Арықтау үшін жүріп жатырмын демеңіз, жай қыдырып жүрмін деп ойлаңыз. Қадамыңызды санамаңыз, жәй ғана бір уақыт жаяу серуендеуді күнделікті әдетке айналдырып, миыңызды осыған сендіріңіз. Сонда жүру, қимылдау сізге қиындық тудырмайды.

5. Су ішіңіз. Нақты күніне 2 -3 литр су ішу керек деп миыңызды қорқытпаңыз. Жәй ғана суға ғашық болыңыз, ағзаңыз қажет еткен мөлшерден көбірек ішіңіз. Шәйді, сусынды қара суға алмастырыңыз. Суды жәй кружкамен іше алмасаңыз, әдемі ыдыстарға құйып ішіңіз, не трубкамен ішіңіз.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған