Ас мәзірі: Грузин наны Мчади қалай жасалады?

Мчади – грузин халқының ұлттық тағамдарының бірі. Грузиндер жүгері ұнынан тағамдар көптеп дайындайды.  Мчади солардың бірі. Жүгері ұны гипоаллергенді өнім болып есептеледі. Жүгері  глютенсіз құрамында темір көп.  Ол В9, Е, РР, В1, В2, В5, С дәрумендері және ниацин, холинге бай. 

Мчади нанын даярлау үшін:

2 стақан жүгері ұны

1 ас қасық зәйтүн майы

Дәміне қарай бір шөкім тұз

0,5 шәй қасық қант

1 стақан қайнаған су (қолды күйдірмейтін, бірақ ыстық) керек.

1 ҚАДАМ:

Жүгері ұнын ыдысқа саламыз. Сосын ыстық суға бір ас қасық зәйтүн майы, бір көшкім тұз бен қантты салып, араластырамыз. Ұнға суды құйып отырып, иін қандырып, қамыр илейміз. Жүгері ұны қарапайым бидай ұны сияқты жабысқақ, созылмалы болмайды. Қамырыңыз жұмсақ, пішін жасауға ыңғайлы, тығыз емес болуы керек.

2 ҚАДАМ:

Қамырыңызды кішігірім дөңгелек пішіндерге келтіріңіз.

3ҚАДАМ:

Табаны майлап, пешке қыздырыңыз.

4 ҚАДАМ:

Наныңызды қызарғанша жақсылап қуырыңыз. Мчадидің екі жағы бірдей қызарып піскенін қадағалаңыз.

5 ҚАДАМ:

Грузин наны Мчади дайын. Оны түрлі тұздықтармен, сары маймен немесе тосап жағып жеуге болады.

АСЫҢЫЗ ДӘМДІ БОЛСЫН!

Арнайы 16qyz.kz үшін дайындаған: @Балжан Жеңісқызы

 

 

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған