Ауғанстандағы футболшы әйелдердің батылдығы мен тауқыметі

Ауғанстандағы Талибанда әйелдер футбол командасы елдегі әйелдердің жаңа еркіндігінің символы ретінде жаһандық деңгейге көтерілді, – деп жазады BBC.com.

Алайда елдегі қатыгездік пен жаугершілікке қарсы шыққан батыл әйел футболшылары сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшырады, – дегенді Ауғанстанның ірі спорт шенеуніктерінің бірі мойындады. Бұл тек футболшыларға ғана қатысты емес, басқа да спортшы қыз-келіншектерге қатысы бар мәселе екенін шенеунік мәлімдеп отыр.

Көптеген әйел спортшылар жаттықтырушылар мен спорт шенеуніктерінің теріс қылықтары туралы ашық айтуға қорқады. Бірақ, бірнеше адам BBC-ге сырын ашты деп жазады шетелдік басылым.

Соңғы бірнеше күнде дау ушығып кетті.  Жұма күні FIFA футболдың басқарушы органы Ұлттық футбол командаларындағы әйелдердің талап-арыздарын жіті тексеретіндерін мәлімдеді. Ауғанстан Бас прокуратурасы да аталған іс бойынша тергеу амалдарын бастағанын жариялады.

Дүйсенбіде президент Ашраф Гани айтылған пікірлерге «бұл жағдай барлық ауғандықтарды есеңгіретіп тастады» деп жауап берді.

«Тіпті әшейін айыптаулар үшін біздің халық ұл-қыздарын спортпен айналысуға жіберуді тоқтатса да, біз дереу және жан-жақты әрекет етуіміз керек», – деді.

Дүйсенбі күні спортшы әйелдердің сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болуы мәселесі Ауғанстан парламентінің екі палатасында да көтерілді. Содан кейін Кабулда Ауғанстан олимпиада комитетінің басшысы  Хафизулла Рахими журналистерге келесідегідей мәлімдеме жасады.

«Өкінішке қарай, мұндай мәселе бізге де жетті», – деген ол, «Сексуалды зорлық-зомбылық тек қана Футбол Федерациясында ғана емес, басқа да спорт федерацияларында бар. Біз мұнымен күресуіміз керек» – деп айтты.

Бұл мәселенің мұншалықты шуға айналуының себебі, 2001 жылы Талибан құлағаннан кейін Ауғанстандағы   қыздар мен әйелдер футболы елдегі еркіндікке ұмтылыстың бейнесі ретінде әлемге танылып келе жатқан еді, – деп жазады BBC сайты.

@Балжан Жеңісқызы

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған