Автонесие арқылы көлік алу

Заман дамыған сайын бәріміздің мобильді болғымыз келеді. Мобильды болудың бір жолы ол – көлікті болу. Көлікті болу қазір екінің бірінің арманы. Тіпті көлігі барлардың өзі көлігін жаңартуды, жақсысын алуды армандайды. Қазіргі кезде бұл арманға қол жеткізудің жолы көп. Ол ескі көлігіңізді сату, қаражат жинау және несиеге алу.

Көлікті несиеге алудың бірнеше жолы бар. Олар: автонесиеге автосалоннан банк арқылы жаңа көлік алу, несиеге ақша алып мінілген көлікті сатып алу.  Бүгін біз автонесиеге тек жаңа көлік алу туралы жазатын боламыз.

Автонесиеге автосалоннан банк арқылы жаңа көлік алу

Қазіргі кезде барлық автосалондар мен банктерде автонесиеге көлік рәсімдеу жүріп жатыр. Көліктің түрі көп болғандай әр банк, әр салон өз бағдарламасын ұсынып жатыр. Сіздің төлейтін алғашқы жарнаңыз бен жалақыңызға қарай бірнеше түрін ұсына алады.

Өзіңізге тиімді бағдарлама мен төлеу жүйесін таңдап қалаған жаңа көлігіңізді рәсімдеуге болады. Қойылатын басты талаптар:

  1. Жеке куәлігіңіз
  2. Жұмысыңыз тұрақты болуы (кемінде 6 ай бір жерде жұмыс жасау)
  3. 6 айлық тұрақты зейнетақы аударымдары
  4. Басқа банктерде несиеңіздің төлемі аз не жоқ болуы
  5. Несие тарихыңыздың жақсы болуы
  6. 10 % не 20% – көліктің бағасынан алғашқы жарна қалтаңызда болуы керек. (! Халық банктан айлық алатын болсаңыз бастапқы жарнасыз)
  7. Автокөліктің бағасы – 25 – 30 000 000 теңгеден аспауы керек

Көбі несиеге көлік рәсімдеу қолжетімсіз деп ойлауы мүмкін. Қорықпай алдымен өзіңіз ұнатқан көлікті несиеге санатып көріңіз. Ол үшін сізден ешкім ақы алмайды.  Егер сізге ай сайын 65 000 теңгеден 7 жыл төлесеңіз айлығыңыз кемінде 130 000 теңге болу керектігін біліңіз. Яғни, банктер несие берерде сіздің жалақыңыздың тек 50 % – на ғана есептеу жасайды. Бұл сіздің басқа несиеңіз жоқ сәтте қаралатын жағдай.

Қазіргі кезде барлық банктер мен автосалондарда тұрақты түрде 10% – төлеп көлік алу мүмкіндігі бар. Бұл жоғарыда көрсетілген талаптардың бәрі орындалған жағдайда алуға болатын несие түрі. Ал 6 айлық зейнетақы аударымдары жоқ болса 20% алғашқы жарнасын құясыз. Бұл несиелеу түрі 16,49 % проценттік мөлшерлемеден басталады. Ал, Halyk Bank арқылы жалақыңызды алатын болсаңыз алғашқы жарна 0 теңге, ал автонесиелеу 15% дан басталады.

Trade-In бағдарламасы арқылы өзіңіздің ескі көлігіңізді автосалонға өткізіп, несиенің алғашқы 10-20% құюға болады. Көлігіңізді жағдайына қарай сізге бағасын есептеп береді. Көлігіңізді толықтай тексеруден өткізеді.

  • Бұл жерде тағы бір ескерте кететін нәрсе, көлікті рәсімдегені үшін сізге банктердің комиссиялары бар. Ол әр банкта әр түрлі болады. Сондықтан несие алатын кезде осындай аз цифрларға мән беріңіз. Көбіне бұл жерде несиені ұйымдастырғаны үшін комиссия қарыз суммасының 2 – 5 % арасында болады. Тағы бір комиссия ол счет ашқаны үшін ұсталады, кейбір банктер ұстамайды. Тағы бір комиссия – қарыз сомасын автосалон счетына аудару үшін банк тарифтеріне сәйкес ұсталынады. Бұл сумма да әр банкте әр түрлі, кейбірінде жоқ.
  • Егер несиеңізді мерзімінен бұрын жабатын ойыңыз болса, ол үшінде комиссия алынатынын біліп жүріңіз. Бұл суммада көбіне банкке байланысты. Әр банкте әр түрлі. Кейбірі 1 жылдан кейін ешқандай комиссиясыз жабуға болады десе, кейбірі міндетті түрді комиссия төлейсіз дейді. Несие рәсімдейтін кезде бұны анықтап алған жөн. Себебі жабатын кезде құятын суммаңыздан көп сумма сұрауы мүмкін.

Егер сіз алғашқы жарнасын көбірек құятын шамаңыз болса әрине несиелік пайыз бен құятын жылыңыз азаяды.

Төменде көрсетілген кесте Еуразиялық банк  арқылы есептелген. Бұл сандар барлық адамға бірдей деуге болмайды. Себебі әр банк өз тұтынушыларына әр түрлі жеңілдіктер ұсынып сізге мынадан аз %- бен ұсынуы мүмкін. Бұл тек жеке адамға есептелген несие түрі. Бұл кестені ұсыну себебім шамамен осындай болатынын біліңіз дегенім.

Жеңілдетілген 4% несие

Қазақстанда өзімізде шығарылған көліктерге арналған Жеңілдетілген 4% несиемен көлік алуға болады. Бұл бағдарлама тек белгілі бір уақыт аралығында ғана жүреді. Бұл бағдарлама бойынша тек екінші деңгейдегі 6 банк қана қатысады. Олар: ВТБ банкі, Еуразиялық банк, АТФБанк, Банк ЦентрКредит, Сбербанк, Halyk Bank. Жеңілдетілген несиемен көлік алған кезде көлігіңіздің қолыңызға тиюін 1-6 ай күтетін жағдайлар орын алып жатқан ескерте кетейін. Бұл көліктің сіздің қалаңызға әлі келмегендігімен және алушылардың көптігімен түсіндіреді.

  1. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%
  2. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – 7,5 % дейін
  3. Несиелеудің ең жоғарғы мерзімі – 7 жыл
  4. Автомобильдің ең жоғары құны – 15 000 000
  5. Бастапқы жарна – 10 %
  6. Көліктің шығарылған елі – Қазақстан.

Бұл несиелеу бойынша түсінгендеріңіздей тек Қазақстанда жасалған не құралған көліктерді алуға болады. Бұл бағдарлама бойынша қандай көліктерді алуға болатыны төменде көрсетілген.

KIA – KIA Ceed, KIA Cerato, KIA Optima, KIA Sorento, KIA Picanto, KIA Soul, KIA Rio, KIA Sportage, KIA Stinger
Hyundai – Hyundai Tucson, Hyundai Elantra, Hyundai i-30, Hyundai Santa Fe, Hyundai Sonata, Hyundai Genesis, Hyundai Grandeur, Hyundai Creta, Hyundai Accent
Škoda – Škoda Octavia, Škoda Superb, Skoda Kodiaq, Škoda Rapid
Peugeot – Peugeot 408, Peugeot 301, Peugeot 508, Peugeot 3008, Peugeot 2008, Peugeot Partner VP Tepee, Peugeot Partner VU
Chevrolet – Chevrolet Aveo, Chevrolet Captiva, Chevrolet Tracker, Chevrolet Niva, Chevrolet Cobalt, Chevrolet Nexia, Chevrolet Malibu, Chevrolet Trailblazer, Chevrolet Damas
LADA – LADA 21214, LADA 4*4, LADA Granta, LADA Kalina, LADA XRay, LADA Vesta, LADA Largus
JAC – JAC S3, JAC S5, JAC J5, JAC М5
Ravon – Ravon Nexia R3
УАЗ – УАЗ 220695-04, УАЗ Patriot 3163, УАЗ Hunter 315195, УАЗ 390995, УАЗ 374195-05

Жеңілдетілген 4% несиемен көлікті несиеге есептеп көрсек. Есеп Банк ЦентрКредит банкынан алынған. Кестеден көріп отырғандарыңыздай артық төлемнің 7 жылға алған күннің өзінде аз болуы өте тиімді.

Қазақстанның Даму Банкінің есебі бойынша 2020 жылы 29 қазанда жеңілдетілген 4% несиемен көлікті ең көп берген банк – Еуразиялық банк болғанАл ең көп сатылған бренд – Hyundai.

Өздеріңіз көріп отырғандай көлік алу оңай жұмыс емес, бірақ қорқатындай да нәрсе емес. Бастысы өзіңіз есебін біліп, қалтаңызға қарай көсілгеніңіз дұрыс. Менің жеке ойымша жеңілдетілген несие бойынша көлік алу өте тиімді. Ұсынылған көліктердің ішінен жақсы көлік таңдап алуға болады. Қанша дегенмен, жаңаның аты жаңа! Жаңа көліктердің бәріне 150 000 км гарантия беріледі. 3 жыл көлігіңізді толықтай тексеруден өткізіп тұрады.

Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған