Мен сені Тәңірден сұрадым, мама, 
Осы арудың құрсағына бітемін деп. 
Мен сен үшін талай жыладым, мама, 
Ақынның анасы боп өтеді деп.

Ақберен Елгезек

Көп аналар баласының кішкентай кезінде қайдан келгендігін, анасын қалай таңдағанын, кейбір кішігірім детальдар есінде екенін айтып берген. Мысал ретінде сіздерге қызықты топтамалар ұсынайық.

***
3 жасар Кирилдің анасы былай дейді: «Түскі асты дайындап жатқанмын. Балам тыныш отырсын деп оған ескі суреттерді беріп қойдым. Бір кезде ұлым қолындағы суретті алып маған жүгіріп келді де менің бала кезімде анаммен түскен суретімді көрсетіп (Ол Кирилл дүниеге келмей жатып қайтыс болып кеткен еді): «Мама, сен мына жерде есімдесің, үстіңде жасыл көйлегің болды. Сен сол күні автобустан кешігіп қалған болатынсың!», – деді. Көзім бақандай болды.
– Ойбай, балам оны қайдан білесің? Папаң айтты ма?
– Жоқ, мен сені жоғарыдан көрдім, маған сені көрсетіп, анам болатыныңды айтты!».
Осыдан кейін мен құрбыларымнан, таныстарымнан сендерде де осындай түсініксіз жайттар болған ба деп сұрастыра бастадым. Сөйтсем мұндай жағдай тек менің баламның ғана емес, басқа балалардың да «есінде» екен. Олар да өз анасын туылмай тұрып көрген.

Сосын тағы бір жас ананың баласы оларға экраннан бір ер адам мен әйелді көрсеткенін, бұлар өздеріне ата-ана таңдағандарын айтып беріпті.
Тағы бір қызықты оқиға. Катя деген 2,5 жастағы қыз өзімен бірге тағы да 2 баланың ата-ана таңдағанын айтып беріпті. Бірақ біреуіне бұл ата-ананы таңдауға рұқсат етпепті. Ал екіншісіне дайындал депті. Келесі жылы әйел түсік тастайды, сосын екі жылдан кейін дені сау баланы туыпты. Катяның ата-анасы қызының болжамын осылайша еске түсірген.

***

Үш баламның ішінде ең кенжем маған бала күнімде түсініксіз жайттарды айтатын. Мен балалар ойдан құрастыра береді деп мән бермейтінмін. Алғашқы екі баламды жас кезімде туғандықтан, балаларымның арасы жас жағынан алшақ болды. Себебі, кенжемді отызға таяған шағымда босандым. Сондықтан қызыма қарауға уақытым болды. Қызым бірде маған: «Ол жақта қыз да, ұл да жоқ, суық та, ыстық та емес, ішпейсің де, жемейсің де. Ол үш ата-ананың ішінен мені таңдапты.
Біреуі 4-ші баланы күтіп жүр екен. Оның жүзі шаршаулы, мұңды көрініпті, ал басқасы тұңғышын күтіп жүріпті. Ал сізде маған әпкем мен ағам ұнады. Сен жас та, кәрі де емес едің. Сондықтан сені таңдадым» депті. Бірақ әкесі туралы ештеңе айтпады. Қызым маған кейде егжей тегжейіне дейін айтып беретін, бірақ мен бала ғой деп елемедім. Не айтқандары тіпті есімнен де шыға бастапты. Қазір қызым 19-да. Өзіне «бала күніңде осылай айтқансың» десем, есінде жоқ.
***

Менің танысыма бірде 3 жасар қызы қасына жүгіріп келіпті де былай депті: «Мама, білесің бе, мен не үшін сенің қасыңда жүргенімді? Себебі, сен мені қатты қаладың, көп жыладың. Саған қарадым да сені сондай ұнаттым және сенімен болуға келістім. Сосын мені саған жіберді».

Анасы қызының айтқан сөзіне таң қалыпты. Қазір ол оқиғаға 7 жыл өтіп кетті.
***
Ғылыми дәлелі жоқ дүние дерсіз, ертегі дерсіз, миф дерсіз. Өзім де мұны аударып отырып, сенер-сенбесімді білмедім. Бәлкім, сіздің есіңізде шығар, осы жарық әлемге келмей тұрып, кім болғаныңыз, қалай ата-ана таңдағаныңызды бәлкім түпсанаңыз есінде сақтаған шығар 🙂
Еске түсіріп көрелік, не болмаса осыған ұқсас жайттар естісеңіз бөлісе отырыңыздар.

 

#ЖансаяСЫДЫҚБАЙ

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған