Балаға ақша жинауды үйретуге 7 кеңес

Ақшамен байланысты өмірге қажетті, маңызды әдеттер балада 7 жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан есейгенде ақшаны бейберекет жұмсамас үшін баланы қаражат жинау мен оған дұрыс қарым-қатынасты үйрету керек.

Біз балаға дұрыс әдеттерді қалыптастыру үшін мамандардың жеті кеңесін ұсынамыз.

№ 1. Отбасылық бюджетіңізді баладан жасырмаңыз

Ақша туралы балаға 3–4 жастан бастап айта беруге болады. Сонда ол мектепке барған кезде қалтасындағы ақшасын дұрыс жұмсайтын болады. Бірақ оны баланың өз тілінде түсіндірген маңызды.

Шығындарыңызды әр түрлі түстерге бөліңіз. Мысалы, көк түс — камуналды төлемдер, сары — тамаққа жұмсалатын шығын, ал жасыл — ойыншыққа.

Бұл неге үйретеді: Бала келесі жолы дүкенде жаңа ойыншық сұраған кезде, ақша тек қана сары қорапта қалғанын, ал жасыл қорапта келесі айда ғана ақша болатынын оңай түсіндіре аласыз. Балаға жасыл қораптағы ақшаны көп қылып жинаса тіпті үлкен ойыншық сатып ала алатынын үйретіңіз.

№ 2. Қалағанын бірден алып бермеңіз

Жалтыраған дүкен сөрелері баланың көзін қызықтырып, эмоцияға берілуіне себеп болады: «Әпер, әпер, әпер!» Қалағанын алып беруден бас тартпаңыз, тек оны қалаған дүниелерді жазатын тізімге енгізуін сұраңыз. Қалаған затының суретін салып немесе жазып, тоңазытқыштың сыртына іліп қойыңыздар. Ай соңында тізімге қарап бір ойыншықты таңдатқызыңыз.

Бұл неге үйретеді: Балаңыз сауданы ойланып жасауға үйренеді және жарнаманың арбауына түспеуге бейімделеді. Бұл процесстің қызық әрі танымдық тұстары көп.

№ 3. Балаңыздың қалтасында ақша жүрсін

Баланың қалта шығынына ақша беру маңызды. Сондай-ақ, олардың тәтті-кәмпит немесе басқа да қажетсіз дүниелерге кетіп қалмауын қадағалау керек. Мысалы балада 300 теңге бар делік, сіз оған бұл ақшаға кішкентай бір ойыншық сатып ала алатынын айтыңыз. Бірақ еген ол сәл күтсе сіз оған үлкенірек ойыншық сатып алуына көмектесер едіңіз деп айтыңыз.

Бұл неге үйретеді: Балаңыз сатып алатын нәрсесін алдын ала жоспарлауды үйренеді.

№ 4. Қажет заттарды маңыздылығына қарай бөлу керек

Балалардың қалауы үнемі құбылып отырады. Бүгін бір нәрсені қаласа, ертең басқа нәрсені алғысы келуі мүмкін. Егер қалаған заттарының тізімі өсіп кетсе, онда маңыздылығына қарай бірнеше бөлікке бөліңіздер. Балаңыздан қай затты қазір алғысы келеді, қайсысын кейінірек екенін сұраңыз. Егер алатын зат қымбат болса, онда ақша жинағышқа бірігіп қаражат жинауды ұсыныңыз.

Бұл неге үйретеді: Бұл жоспарлау мен болашақ саудасын ойластыруды үйретеді.

№ 5. Ақша жинайтын құты болсын

Балаңыз алғаш ақша жинап отырса шыны банканы, пластик контейнер немесе конвертті жинақ құрал ретінде қолдануға болады. Жинақ құралдың сыртына қажет заттың атын, қанша ақша керек екенін жазып қойыңыз. Сосын балақайдың өзі де қанша ақша шегергенін жазып жүрсін.

Бұл неге үйретеді: Ақша жинағыш баланы шыдамдылыққа үйретеді, сонымен бірге санауға және діттеген мақсатын ұмытпауға бейімдейді. Егер балаңыз ақша жинауда төзімділік танытып жүрсе, оған қолдау көрсетіңіз, көмектесіңіз. Мысалы, әр салған тиынның үстінен үстемелеп отырыңыз.

№ 6. Балаңыздың сабағы үшін ақша төлемеңіз

«Жақсы баға алсаң 100 теңге берем» — бұл тәсіл жұмыс істемейді. Бала математикадан алатын бағасы 50 теңге емес, 500 теңге тұрады деп есептеуі мүмкін. Сосын мұндай тәсіл оқуды ақша табу көзіне айналдырып жіберуі мүмкін.

Атаулы күндері балаңыздың қаражатына ірілеу ақша қоссаңыз болады: мысалы оқу жылының соңында немесе жарыстан жүлде алғанда.

№ 7. Ойынға айналдырыңыз

Баланың арманындағы зат қымбат тұрса, жоспар құрып, мақсаттарыңызға жетуді ойын сияқты қабылдаңыздар. Қалаған заттың атын жазып, қасына көліктердің жарыс жолын немесе ертегідегідей жолдардың суретін салып қойыңыздар. Жоспарды көрнекі бір жерге іліп қойып, әр орындалған жоспарды белгілеп қойыңыздар.

Бұл неге үйретеді: Бала мақсат қоюды үйреніп, оған жету жолындағы жеткен жетістіктерін көріп жүреді. Ал ойын ретінде сезіну баланың соңына дейін баруына көмектеседі және арманына қол жеткізіп, қолда бардың қадірін түсінуге үйретеді.

Мақаланы journal.tinkoff.ru  сайтынан ықшамдап, аударған @БалжанЖеңісқызы

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған