Баспана аларда неге мән берген жөн?

Баспана – адам өміріндегі басты қажеттіліктердің бірі. Баспана аларда неге мән берген жөн? Қыруар қаржыға алған үйіңіз өміріңізге бақыт, қуаныш сыйлап қана қоймай, қауіпсіз болсын десеңіз төмендегі бірнеше кеңеске құлақ түріңіз:

Қолданыста болған пәтер аларда:

  • үйдің құжаттарын, тех.паспортын мұқият тексеріңіз. Егер пәтерде есік, терезе, қабырғалар бастапқы жоспардағыдан өзгерген болса заңдастырылған болуы керек.
  • коммуналдық төлемдердің түбіртегі, пәтер мен жер салығы төленді деген түбіртек;
  • үй кепілдікте ме, жоқ па, тексеру;
  • ауыз су, ыстық су, кәріз жүйесі құбырларының жағдайын тексеру. Мысалы көрген пәтеріңіз 3-қабатта орналасса, онда жоғарыдағы 4, 5-қабаттағы көршілеріңіздің де құбырларын тексеру керек. Қазір көп пәтерлерде құбырлар пластикке ауыстырылған.
  • үйдің айналасындағы инфрақұрылымға назар аударыңыз: әлеуметтік нысандар қаншалықты жақын орналасқан, балабақша, мектеп, ХҚКО, емхана, аурухана, әкімшілік, ІІБ, аялдама, ойын-сауық орталықтары.

Егер құрылыс компаниясынан жаңа пәтер алатын болсаңыз:

  • егер қалтаңыз көтерсе бірден бизнес-класс үйден алған дұрыс;
  • егер қаражатыңыз аз болса үлескерлік құрылыс жағын қарастыруға болады. Ескеретін бір мәселе, мәмілеге қол қоймас бұрын барлық қатерді қарастырып алған жөн. Біріншіден, құрылыс компаниясының бұған дейін жүргізен құрылыстарына, құжаттарына мән беріңіз. Екіншіден, құрылыс сапасын мұқият тексеріңіз. Құрылысқа қандай материалдар қолданылған, терезелер мен есіктердің, құбырлардың сапасы сын көтере ме, жоқ па және т.б.

Егер жер үй алатын болсаңыз:

  • мемлекеттік актісін тексеру керек, жергілікті сәулет бөлімі құжаттың заңды екенін тексеріп береді;
  • көп үйлерде тек мемлекеттік акт болады, тех.паспорт болмайды;
  • жер мен үй салығында қарызы жоқ болуын тексеріп алған жөн;
  • үйдің қандай мақсатта салынғанын білу керек, сатуға деп салынған үйдің сапасы сын көтермеуі мүмкін;
  • көбінесе тех.паспортта үйді қандай материалдан салғаны шындыққа жанаспайды, сол себепті, мүмкіндік болса, үйдің іргетасынан бастап шатырға дейінгі барлық құрылыс жұмыстарының фото архивін сұрап көру керек.

Егер алатын үйіңіз сейсмикалық қауіпті ауданда орналасқан болса Алматы қаласы үшін тектоникалық жарықшалар картасын қарап шыққан да дұрыс

@МақпалШайхистамова

Сурет Алматы қаласы бас жоспары https://чс-ник.kz және drevostavitel.cz сайтынан алынды

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған