Бетке термолифтинг жасатудың пайдасы

Бетке термолифтинг жасау дегеніміз не? Бүгінде бетті жасарту үшін косметикалық процедуралардың түр-түрі өте көп және айтарлықтай танымал. Әйелдер көбіне термолифтингті пайдаланып жатады, себебі оның нәтижесі көзге бірден көрінеді.

Термолифтингтің мәні:

Термолифтинг – арнайы аппаратты пайдалану арқылы жүргізілетін косметологиялық процедура. Аппаратта беттің сыртқы қабатына оң әсер ететін инфрақызыл сәуле мен радиотолқын бар. Оның көмегі арқылы клеткадағы мембрананы тірілтеді. Содан соң эластин мен коллаген максималды жылдамдықпен жұмыс істей бастайды.

Термолифтинг дегеніміз инфрақызыл сәулемен және радиожиілік толқынымен бетті табиғи түрде жасартудың іске асырылуы. Сеанстан кейін коллагеннің жұмысы бірнеше айға жетеді. Осы процедураны кейінірек тағы да қайталау қажет.

Артықшылығы мен кемшілігі

Термолифтингті көбіне әйелдер қолданады, оның бірнеше пайдасы бар: біріншіден ауыртпайды, екіншіден тез нәтиже береді, үшіншіден қауіпсіз.

Аппаратпен сеанс жүргізген кезде эпидермис қабатына тереңдеп енбейді. Сондықтан, терінің асқынып кету мүмкіндігін жоққа шығарады. Сондай-ақ сеанс кезінде инфекция жұқтыру қаупі де төмен.
Термолифтингтен кейін оңалтудан өтудің қажеті жоқ. Оны жасату үшін жыл мезгілінің қолайлы кезін де күту қажет емес. Бірақ термолифтингтің кемшіліктері де бар. Аталған процедура өте қымбат және ол кез келген пациенттерге қолжетімді емес. Аппараттың қарсы көрсетілімдеріне тоқталсақ, аппарат пен материалды таңдай білу керек.

Термолифтингті түрлі аппаратпен жүргізуге болады. Көбіне төмендегідей аппарат түрлеріне ұсыныс беріледі: Монополярлы аппарат жүйесі. Аппарат 30-60 градус температурада жұмыс істейді. Жоғары қуаттылығы және бірден нәтиже беретінімен сипатталады. Егер аппаратты дұрыс қолданбаса ауруға және фиброзға әкеліп соқтырады.

Биополярлық жүйе. 40 градус температурада жұмыс істейді және бір миллиметрге дейін тереңдікке енеді. Онымен көз, мойын, кеуде тұсына өңдеу жұмыстарын жасау ұсынылады.

Алума триполярлық жүйесі, нәрлендіретін заттарды 2 миллиметр тереңдікке дейін енуіне көмектеседі. Термолифтинг түрлі әдістерді қолдану арқылы іске асырылады: радиотолқын. Бұл әдіс орташа қыздырылады. Оны қолдануда беттің қабатына 4 миллиметрге дейін енгізіледі. Лазер – жасы үлкейіп, бет әлпетіне өзгерістер енген адамға қолданылады. Аппарат 7 миллиметр тереңдікке дейін енгізіледі. Дұрыс қолданбаған жағдайда күйік шалуы мүмкін. Импульсті жарықпен бет терісіне абайлап әрекет етеді, 5 миллиметрге дейін енгізіледі.

Көрсетілімі және қарсы көрсетілімі

Термолифтинг бет қабаты солғын тартқан, мимикалық және жасы әжіммен күрес үшін пайдаланылады. Оның көмегімен иектің астындағы екінші иекті кетіруге болады. Беттегі безеуден, бөртпеден қалған ізді де кетіру ұсынылады. Хирургиялық жолмен бетті тартқаннан кейін асқыну байқалса термолифтинг жасату ұсынылады.

Бұл емдік процессті жүкті және емізулі әйелдерге жасатуға болмайды, 18 жастан жоғары пациент жасатуы керек. Әйелдердің гинекологиялық ауруы кезінде де термолифтинг жасауға тыйым салынады. Бұдан бөлек, қант диабеті, эпилепсия, қызыл жегі, тромбофлебит, склеродермияда жасату рұқсат етілмейді. Егер адамның ағзасына кардиостимулятор орнатылса жасатуға болмайды. Қатерлі ісік пен асқынбалы ауру кезінде де процедураны жасату қауіпті.

Процедураға дайындық

Сеанс қажетті нәтижелерді беру үшін дайындықтан дұрыс өту керек. Бірнеше апта бұрын солярияға, жағажайға баруға тыйым салынады. Бұл кезеңде антибиотик, сульфаниламид және фторхинолон ішуге, химиялық пилинг пен басқа да процедураларға жол берілмейді. Сеансты бастамай тұрып бірнеше күн бұрын құрамында спирті бар құралды да пайдалану зиян. Сауна, бассейн, моншаға баруға болмайды.

Сеансты жүргізу

Бет терісіне термолифтинг жасатар кезде эффект беретін мұздатқыш гель жағылады. Беттегі зақымдалған тұсқа процедураны жайлап бастайды, пациент бұл кезде сәуленің жылуын сезеді. Беттегі учаскеге лазер немесе радиотолқын 2 секундтан артық тұрмауы керек.

Процестен кейін бет терісін гельдің қалдығымен майлықпен сүртіп тастайды. Сосын тыныштандыру үшін бетке жақпа май жағылады.

Емнен кейінгі күтім

Емнен кейін 14 күндей соляриге баруға тыйым салынады. Ал бетті тіке күн сәулесі түсунінен қорғау ұсынылады. Химиялық пилинг те жасатпау керек.

Салдары

Емді дұрыс жүргізсе соңынан келеңсіз жағдайлар болмайды. Десе де, беттің аздап күйік шалуы, қызару, тіннің атрофиясы байқалуы мүмкін. Оған қоса емдік шара сіз күткен нәтижені бермеуі де мүмкін. Термолифтинг эффектісін беретін кремді жағу өте тиімді. Термолифтинг жасатқаннан кейін кремді массаж жасап отырып жағу керек. Ары қарай жылы суға батырылған қағаз ұлпаны бетке қояды.
Қазіргі таңда нарықта термолифтинг жасатқандай бетке әр беретін түрлі өндірушілер жасап шығарған кремдер жетерлік. Әйелдер қалағанын таңдап ала алады.

Әйелдерге термолифтинг жасату арқылы бет терісінің бірнеше проблемасын шешіп алатыны ұнайды. Көптеген әйелдер бірінші процедурадан кейін нәтиже барын айтуда. Бірақ, ем тиянақты болу үшін кем дегенде 3 сеанс жасалу қажет. Сондай-ақ, процедураны арнайы мамандар жасау керек.

Дайындаған Жансая АЙТУҚЫЗЫ

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған