Біреу үшін өмір сүретін әйелдерге 5 кеңес

Көптеген әйелдер мен ерлер барлық нәрсені өзі істеп бәрін бақылауда ұстағанды ұнатады. Ақырында олар өздерін ұмытып өздері қалжырап қалады. Бар өмірін біреуге арнаған әйелдер өте көп, олар балаларына, туыстарына, күйеуіне, әке-шешесіне арнайды. Алайда бұл тым шектен шығып кетеді.

Олар көп нәрсе жасап, еңбегі үшін аз алады. Олар өздерімен айналыспау үшін, бәрін жасайды. Бірақ, олар бұның соңы немен аяқталатынын білмейді. Уақыт өте келе бұл нәрсенің бәрі сіздің мойныңызға ілінген психологиялық жүк болмақ. Миыңыз бұны түсінсе де ағзаңыз көтермей өзіңіз ауырып қалуыңыз мүмкін.

Сіздің ағзаңыз ауырлықты сезініп, ылғи шаршап жүрсеңіз, көңіліңіз ешнәрсеге толмай, көңіл-күйіңіз жиі өзгерсе сізге демалу керек. Өміріңіздің ағысын бір уақыт ақырындатып, мына бес сұраққа жауап беріңізші. Бұл сізге көмектеседі.

  1. Сіз тыныштықта, өзіңізбен өзіңіз демалғалы қанша уақыт өтті? Тыныштық адамның миы үшін ең қажетті нәрсе, ол сіздің ойларыңызға берілген уақыт. Күнделікті жалғыз өзіңіз тыныштықта кем дегенде 30 минут демалыңыз. Бұл сіздің ойларыңызды салмақтауға көмектеседі. Өзіңізбен өзіңіз болу ағзаңызға да көмектеседі.
  2. Сіз маңызды әңгіме жүргізіп жатырсыз ба? Ең салмақты деген әңгімен сізді естіп қана қоймай түсінетін адаммен жүргізіңіз. Бұл адамдар көбіне сізбен рухан байланыста болғаны жақсы. Мұндай әңгімелер іштегі мәселелерден құтылып, көп ойларыңызды сыртқа шығып сіздің ішкі жан-дүниеңізді босатады. Бұндай рухани байланыстағы адамдар мен екі аптада бір кездесіп, барлық әңгімелеріңізді айтып шығарып тұрыңыз.
  3. Сіз бәрін жасай алам, бәріне өзім үлгерем деп ойлайсыз ба? Бірақ, олай емес. Себебі, бұл ешкімнің қолынан келмейтін нәрсе. Арасында сіз жылап алу құқығына иесіз. Сондай-ақ, «жоқ» деп айтуға болады. Бұл сөзді бірден айта алмасаңыз, іштей «жоқ» деп айта бастаңыз, артынан оны іске асырыңыз. Уақытта, материалдық жағдайда, физикалық күште тек өзіңіз үшін жұмсалуы керек. Сіз де шаршайсыз, сіз де жалығасыз.
  4. Өзіңізбен мақтаныңыз және өзіңізді бағалаңыз. Біреулер үшін бәрін істейтін адамдар көбіне өзін ешкімге керегі жоқтай сезінеді. Себебі бәрі сізді міндетті сияқты санайды, солай істейді де. Сіздің жәй ғана көмектескіңіз келгенін, қолдағыңыз келгенін, оның қамын ойлағаныңызды бағаламайды. Сондықтан, сіз өзіңізге өзіңіз риза болыңыз. Ода тұрған ештеме жоқ, өзіңізді өзіңіз жақсы көріңіз.
  5. Өзіңіздің қамыңызды өзіңіз жеңіз. Басқа адамдар сіздің уақытыңызбен, сезіміңізді, қамқорлығыңызды, энергияңызды пайдаланып жатыр. Бірақ, сіз өзіңізге одан да көп нәрсе бере аласыз. Өзіңіздің әдемілігіңіз, рухани баюыңыз үшін уақыт бөліңіз. Өзіңізге сыйлық жасаңыз, қалаған затыңызды алыңыз. Саяхаттаңыз. Достарыңызбен жиі кездесіңіз.

Өзіңіз жайлы ойлауды бірінші орынға қойыңыз және бұл үшін ешкімнен ұялмаңыз, қысылмаңыз, қорықпаңыз. Өз өміріңізді өзіңіз өзгертіңіз, себебі сізге не керегін сізден басқа ешкім білмейді. Ең бірінші өзіңіз үшін өмір сүріңіз, сіздің өміріңіз тек сіздікі!

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған