«Бөрене әйел» деген кім?

Қазір ер мен әйел қарым-қатынасында «бөрене әйел«, «ағаш әйел» деген түсінік бар. Сол бөрене әйел деген кім? «Бөрене әйел» дегенді естігенде көз алдыма төсекте тек арқамен жатып, серігінің ығына ғана көне беретін әйелдерді ғана елестетемін.

Көп жағдайда, мұндай типтерге ұялшақ әйелдерді жатқызуға болады. Қыздар, жыныстық қарым қатынас кезінде ер адам үшін сіз басты орында екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан сенімсіздіктен, комплекстен, ұялшақтықтан арылу керек.

Өзіңіз ойлап қараңызшы, төсек қатынасында еш қимылсыз ағаш секілді жатқан әйел қай еркекке ұнасын? Еркекке керегі құштарлық, азарт, адреналин. Яғни жақындасу кезінде әйелде барынша белсенді, қылықты, тартымды болуы керек. Оны оята білу, құмарын аша білу, қандыра білу керек.

Сонымен, «бөрене әйел» қандай болады?

  • Қатынас кезінде белсенділік танытпайды, тек бір позада жата береді. Ол төсек қатынасын солай қабылдайды.
  • Ол әйелдің құштарлық пен нәзіктіктен хабары жоқ.
  • Өзін суық ұстайды. Артық қимыл жасасам күйеуім қайдан «тәжірбие» жинаған деп жаман ойлап қалады дейді.
  • Ешқандай дыбыс, ыстық дем шығармайды. Себебі даусынан ұялады не дауыстың да адамды оятатынын білмейді.
  • Жаттап алған 1 – 2 позасын ғана ұстанады. Қалғаны артық деп ойлайды.
  • Жыныстық қатынасқа жаңа өзгерістер енгізуге құлшыныс танытпайды, өміріне аса өзгеріске құмар емес.
  • Ондай әйелдер көбіне оргазм алмайды және оны бермеді деп ылғи ренжіп жүреді.
  • Ерінің аймалауына, құштарланып сүйгеніне жауап қатпайды. Оны сүю керектігін ұмытып кете береді, тіпті оны сүю керектігін ұға бермейді.
  • Күнделікті өмірде еріне өзі еркелеп, жақындап аймалап, сүю деген ұғымнанда бейхабар. Жігіттер автоматты түрде қозып тұратын машина көруі мүмкін.

Жыныстық қарым-қатынас екі адамға да керек, сондықтан ол жерде екі адамның да белсенді болғаны жөн.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған