«Chanel» қолтырауынның терісін пайдаланбайтын болды

Францияның танымал Chanel сән үйі өздері шығаратын бұйымдарға экзотикалық жануарлардың терілерін пайдаланудан бас тартуға шешім қабылдады. Бұл жайында компанияның топ-менеджері Бруно Павловскидің WWD берген сұхбатында айтты.

 

Бұдан былай Chanel экзотикалық жануарлардың ішінде қолтырауын, кесіртке, жылан мен скаттың терілерін бұйымдарына қолданбайды. Сондай-ақ Chanel басшысы Карл Лагерфельд компания соңғы рет қашан табиғи жүнді қолданғаны есінде жоқ екенін айтты.

Биыл жануарлардың терісін қолданбауға Burberry, DKNY, Versace, Jean Paul Gaultier сияқты танымал сән брендтері шешім қабылдаған. Аңдардың терісінен тігілген киімдерді киюден танымал әлемдік жұлдыздардың ішінде Памела Андерсон, Пол Маккартни және қызы Стелла, Хоакин Феникс, Пинк, Кристина Агилера, Натали Портман, Лайма Вайкуле бас тартқан болатын.

Ақпарат көзі: Корреспондент.net  

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған