Дәптердегі қызыл қате некенің бұзылуына себепкер бола ма?

Әңгіменің әлқиссасын әріден бастайын. Қызым мектептің дайындық сыныбына бармады десем де болады. Қызымның оқу тәрбиесімен өзім айналыстым. Қолын жазуға машықтандырдым. Біздің мектепке дайындау барысында дәптеріміз былай көрінетін еді: (Суретке қараңыз)

      

Арасындағы айырмашылықты байқадыңыз ба? Мен оның қателерін қызыл сиямен белгілеген жоқпын. Ең сәтті шыққан әріптерді жасыл сиямен дөңгелектеп көрсеттім.

Қызым әр жазбасында әр жолдардан кейін “Анашым, мыналардың ішінде ең жақсысы қайсысы?” деп сұрайтын. “Мынау өте жақсы шығыпты!” деп ең сәтті шыққан әріпті дөңгелектеп көрсеткенімде қызым қатты қуанатын. Себебі, оған бұл әдіс ұнайтын.

Екі тәсілдің арасындағы айырмашылықты түсіндіре кетейін.

  1. Бірінші жағдайда, қателіктерге көп көңіл бөлеміз. Мына көрініс біздің санамызға қандай белгілер жібереді деп ойлайсыз? Келісем, қате жазылған жазба дұрыс емес. Ал енді сол, қызыл сиямен шимайланған жазбаның артында мінсіз жазбаны байқай аласыз ба? Жоқ! Біз қаласақ та, қаламасақ та нені көреміз, бейсанамыз соны сақтап алады.

 

  1. Екінші жағдайда болса, біз бар назарымызды дұрыс жасалған нәрсеге аударамыз. Бұдан мүлдем   басқаша эмоция, басқаша қабылдау аламыз. Ұнатсақ та, ұнатпасақ та бейсана мінсіз шыққанын қайталауға ұмтылады. Бұл мүлдем бөлек мотивация. Қателесуден аулақ болуға тырысу емес, жақсысын жасауға деген ұмтылысты көруге болады.

 

Енді назар аударыңыз, сұраққа жауап: дәптердегі нұқып көрсеткен қателердің, ажырасулардың көбеюіне қалай әсер етеді деп ойлайсыз? Мен үшін жауап айқын. Бала кезден бастап біз кемшіліктерге, дұрыс емес нәрселерге, біз үшін жаман болып  есептелетін жағдайларға көңіл аударып үйрендік. Әр қатемізді бетімізге басып, нұқып көрсеткен қызыл шимайдың көмегімен мектепте үйрендік. Жақсы ісімізбен  мадақталудың орнына, әрбір ісімізден мін тауып, көбірек ескерту алуды үйімізде үйрендік.

Бір қатарда жазылған 20 таңбаның  тек біреуі сызылған. Яғни 19-ы жақсы жазылған да, ал соның тек біреуі нашар шыққан. Неге біз осы біреуіне қадалып қалдық?

Ерлі-зайыптылардың арасында  да жалпы осындай жағдай.  Жұбайың 19 жақсы қасиетке ие болуы мүмкін, алайда өзің қызыл шимаймен  белгілеп  алып, мәселеге көбірек шүйліккеніңізден жанжал туындап жатады.  Балалық шағымыздан бастап әспеттеп, есейген шағымызда санамыздан біртүрлі өшіре алмаған бұл әдет (қатесін қызылмен белгілеп көрсету) сіздің отбасыңыздағы ажырасудың ең көп таралған себебі.

Адамның ойы, назары неге бағытталса, сол ұлғаяды.

Мен талай жұптармен қарым-қатынас тақырыбында әңгімелестім. Жұптардың 99 % -ында (тіпті мінсіз көрінетіндері де бар ішінде) бірдей мәселе бар: жұбайының мінезін қызыл шимаймен көру!

Егер мен Білім министрі болсам, білім жүйесіне көп өзгерістер енгізер едім. Барлық нәрсе балалық шағымыздан бастау алады. Бала кезімізде сіңірген барлық әдет, дағды, машықтарымызбен ересек өмірге қадам басамыз. Олардың барлығы да бізге жақсы жағынан ықпал ете бермейді.

“Жасыл сия” қағидасымен қызыммен таныстым, оның қателеріне назар аудармасам да, жайлап бірте-бірте қателерінен арылғанын байқадым. Себебі, қызым өз күш-жігерімен жақсы жазуға ұмтыла түсті.

Барлығыңызға үйлесімді әдемі өмір тілеймін. Жұбайларыңызды бағалаңыз, сүйіңіз, сүйікті болыңыздар және қызыл сияны өміріңізден сызып тастаңыз!

Мақала авторы: Татьяна Иванко.

Дереккөз: real-parents.ru

Фото: pp.userapi.com, lolamagazin.com

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған