Әсіресе қазіргі пандемия кезінде дәрігерлер витаминдер мен минералдарды қабылдап, ағзаны қажетті заттармен толықтырып отыруға кеңес береді. Ол иммунитетті көтеріп, ағзаны қуаттандырып, аурулармен жақсы күресуге мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, біз тұтынатын тағамдардың барлығы бірдей дәрумендерге бай емес. Әсіресе мұхит немесе теңізбен шектеспейтін Қазақстан сияқты елдер халқының басым бөлігінде йод және омега 3 жетіспеушілігі кезедеседі.

Сондықтан, құрлықтың ортасында орналасқан бізге кей дәрумендерді тамақтан тыс қабылдауға тура келеді. Оның үстіне қазіргі кезде тағамдардың барлығы пайдалы әрі табиғи емес екенін де ескерген жөн. Дәрумендерді пайдаланғанда да жөн-жосықсыз қолдана беруге болмайтынын біреу білсе, біреу біле бермес. Кей дәрумендер мен минералдарды бірге қабылдаса пайдасы мол, кейбіреуі керісінше кері әсер етуі мүмкін. Осы ретте 16qyz өз оқырмандарына қай дәруменді қалай ішу керектігін ұсынады.

Дәрумендердің үйлесімділігі

Дәрумендердің бір-бірімен үйлесімділігі олардың биохимиялық қасиеттерімен, ассимиляция жылдамдығы және бірдей метаболикалық процестерге қатысуымен анықталады. Өзара жақсы әрекеттесе алатын дәрумендер мен минералдарды бір уақытта қолдаған кезде біб бірінің әрекетін бірнеше есе арттыра алады. Ең жақсы комбинацияны анықтау үшін дәрумендермен үйлесімділік кестесі қарау керек. Мысалы, B5 пен В12 дәрумендерін бірге қабылдаса бір бірінің белсенділігін арттырады, ал D3 дәрумені кальций (Ca) минералының ағзаға сіңуін ынталандырады, B3(pp) дәрумені B6 -ң сіңуіне  көмектеседі6 магний мен кальций бар B6 жасуша мембраналарына тез енеді.

Өзара үйлесімді дәрумендер: А – Е, В2 – В6, В2 – В9, В12 – В5, В12 – В9, С – Е

Өзара үйлеспейтін дәрумендер: А – В12, В3 – В12,С – В12, Е – В12, В9 – Zn (цинк), С – Сu(мыс)

Дірумендер мен минералдардың өзара үйлесімділігін төмендегі кестеден толығырақ көруге болады.

 

Өзара үйлеспейтін дәрумендер мен минералдар қандай салдарға алып келуі мүмкін десеңіз, кей дәрумендер өзара біріксе аллергия тудыруы мүмкін, кей бірі өзара әрекеттсекенде бірін бірі жойып жіберсе, арасында қасиетін бәсеңдетіп тастайтындары да бар, ал кей дәрумендер буында түз жиналуға алып келеді.

Сонымен қатар дәрумендерді тұтыну ережесі де бар. Кей дәрумендерді тамақтану кезінде қолданған жөн. Оларды аш қарынға қолданған асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ал кей дәрумендер аш қарынға жақсы сіңеді. Сонымен қатар витаминдерді қолданудың уақыты да бар екенін ұмытпаңыз.

Қай дәруменді қай уақытта қолданған жөн?

A, E, D, K дәрумендері: A, E, D және K дәрумендері құрамында майы бар тағамдармен жақсы сіңеді.

Кальций: Сүйек пен тіске қажетті бұл дәруменді қолданудың арнайы нұсқаулығы жоқ. Бірақ бірнеше дәруменді бірге қолдансаңыз, онда темір мен цинкті кальциймен бірге қолданбаңыз.

В тобындағы дәрумендер: Бұл дәрумендер біздің ағзамызды күш-қуатқа толтыратынын ескерсек, В тобындағы витаминдерді таңғы ас кезінде ішкен дұрыс.

Цинк: Түскі ас кезінде цинкті ішкен абзал. Бірақ аш қарынға ішпеген дұрыс.

Магний, Темір мен Жасұнық: Бұларды кешке, тіпті ұйықтар алдында ішсе жақсы. 

С дәрумені: С дәруменін сумен ішкен жөн дейді мамандар.

Омега-3: Бұл дәруменді қай уақытта қабылдасаңыз өзіңіз біліңіз. Тек жақсы сіңуі үшін тамақ ішіп отырған кезде қабылдаған жөн екен.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған