Денеңіздің жиілігін білесіз бе?

Сана экологиясы. Өмір: Әлемнің барлық бөліктерінің табиғи қозғалысы дірілдерден тұрады. Адамның денесі мен қоршаған ортасы да  бұл ережеден тыс қалмақ емес.

Биофотоника саласындағы танымал биофизик, неміс дәрігері Фриц Альберт Попптың айтуынша, барлық тірі жасушалар жарқырайтын және олардың жарық көзі ДНК екенін анықтады.

Нәтижелер бойынша ДНК тек жалғыз жиілікті ғана емес, бірден көп жиіліктерді тарата алады.  Әрі организмдер ішінде әрі организмдер арасында фотонды алмасулар  жүреді. Мәселен, әрқайсымыз әрбір жарықтың бір бөлігіміз.

Бұған дейін барлық тірі ағзалардың тарататын  энергиясын анықтап, осы энергияны пайдалану жолдарын іздестірген көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілді.

  • 1920 жылы Рэймонд Рифе белгілі жиіліктерді қолдану арқылы вирус пен бактерияларды жоюға болатынын анықтады.
  • Николас Тесла адам ағзасынан шыққан жиіліктермен араласатын сыртқы жиіліктерді оқшаулау мүмкін болған кезде, біз ауруларға қарсы үлкен иммунитетті дамытатынымызды айтады.
  • Швед радиологы Бьорн Норденстром ісікке қарсы 1880 жылдары ісікке электродты енгізгенін және дұрыс ток берілгенде, ісіктің жойылғанын анықтады.
  • Доктор Роберт О Беккер «Дене Электрикасы» кітабында адам ағзасының электрлік жиілігін құжаттады.
  • Өткен ғасырдың басында америкалық дәрігер Брюс Таинио адамдар мен тағамдардың биологиялық жиілігін өлшеуге арналған құрылғы ойлап тапты.
  • Эфир майы сарапшысы Д. Гари Янг жиілік пен аурулар арасындағы қатынастарды зерттеп, бір топ эфир майларының адам ағзасының жиілігіне әсер ететінін зерттеді.

Жиілік жиынтығы көптеген факторларға байланысты болып келеді:

  • Ағзаның жағдайы, тағамның сапасы,
  • жаман әдеттер, жеке бас гигиенасын сақтау,
  • қоршаған орта, климат, жыл мезгілі,
  • сезім сапасы, ойдың тазалығы және басқа факторлар.

Егер бірнеше объектілер діріл жиіліктеріне жақын болған жағдайда, олар бір-бірінің тербелістерінен күшейеді.  Синергетикалық әсер пайда болады, яғни әрбір объект өзара әрекеттесу нәтижесінде қосымша энергияға ие болады.

Егер объектілердің жиілігі өзгермейтін болса, онда әлдеқайда көп энергияға ие объект, әлсіз объектінің тербелістерін жояды. Радиотехникада бұл «түсіру феномені» деп аталады. Адам ағзасы патогендік факторларға ұшыраған кезде, аурудың пайда болуы осыдан барып шығады.

Біздің өмір сапамыз бен  денсаулығымыз өмірлік күшімізге кедергі келтіретін зиянды тербелістерден бас тартып,  біз үшін пайдалы деген дірілдерді  қалайша «сіңіре» алатыны қабілетімізге байланысты.

Доктор Роберт Беккер, заманауи спектралды анализ құралдарының көмегімен адам ағзасы бөліктерінің жиілігін зерттей отырып, «The Body Electric» кітабында мынадай деректерді ұсынады:

  1. Күндізгі уақытта адам денесінің орташа жиілігі 62-68 МГц.
  2. Сау адамның дене бөліктерінің жиілігі 62-78 МГц диапазонында болып келеді. Егер жиілігі төмендейтін болса, онда иммундық жүйеге зиян келген болып есептеледі.
  3. Адам миының негізгі жиілігі 80-82 МГц диапазонында болуы мүмкін.
  4. Қалыпты ми жиілігі 72 МГц.
  5. Адам ағзасының бөліктерінің жиілігі: мойыннан жоғары 72-78 МГц диапазонында жатыр.
  6. Адам ағзасы бөліктерінің жиілігі: мойыннан төмен 60-68 МГц диапазон.
  7. Қалқанша безінің және паратироид бездерінің жиілігі 62-68 МГц
  8. Тримус бездерінің жиілігі 65-68 МГц.
  9. Жүректің жиілігі 67-70 МГц.
  10. Өкпенің жиілігі 58-65 МГц.
  11. Бауырдың жиілігі – 55-60 МГц.
  12. Ұйқы безінің жиілігі 60-80 МГц.
  13. Сүйектердің жиілігі 43 МГц болып табылады. Сондықтан мұндай жиілікке сүйектің қаттылығына қарамастан иммунитет бермейді. Олар жұмсақ матамен қорғалған, жоғары жиілікте.

Егер адам суықтап тұмауратып қалса, жиілігі 57-60 МГц-ке дейін төмендейді.

Егер адамның  жиілігі 58 МГц-ден төмен түссе, оның патогендік көзіне байланысты қандай да бір ауру пайда болады.

Фунгаллы инфекциялар, адам жиілігі 55 МГц-ден төмен болған жағдайда көбейе бастайды.

Адамның жиілігі 42 МГц-төмендеген жағдайда қатерлі ісік ауруына шалдыға бастайды.

Жиіліктің  25 МГц-тен төмен құлдырауы – адамды өлімге әкеп соқтырады.

 

Деструктивті («Бүлдіргіш») тербелістер қай кезде пайда болады?

Мұндай жағдай, адамға өздерінің жағымсыз қасиеттерінің немесе теріс эмоцияларының әрекеті нәтижесінде көрінеді екен:

қайғы-қасірет – 0,1 ден 2 Герц;

қорқыныш 0,2-2,2 Герц;

реніш – 0.6-дан 3.3 Герц;

тітіркену – 0,9-дан 3,8 гцц; ;

наразылық – 0,6-дан 1,9 гцц;

өздігінен – 2.8 герц жоғары тербелістерді береді;

ашуланшақтық – 0,9 герц;

көкіректік – 0,8 герц;  тәкәппарлық – 3.1 Герц;

елемеу, кемсіту – 1,5 гц;

өзінің артықшылығын дәлелдеу – 1,9 Герц,

шағым – 3 Герц.

 

Егер адам мынадай сезімдермен өмір сүрсе, онда ол мүлдем басқа тербелісте өмір сүреді:

Сәйкес болу, үйлесімді өмір сүру – 38 герц және одан жоғары;

Әлемді қалай бар, солай қабылдау және басқа да жағымсыз эмоцияларға шағымданбау – 46 герц;

жомарттық – 95 герц;

алғыс сезімі – 45 герц;

шын жүректен рахмет – 140 герц және одан жоғары;

адамдармен бірлік – 144 герц және одан жоғары;

жанашырлық көрсету – 150 герц және одан жоғары, (ал, аяу сезімі, тек 3 герц);

сүйіспеншілік, яғни адам махаббаттың жақсы, жарқын сезім мен күш-қуат екенін түсінгенде, бірақ жүрегіңмен сүю мүмкін емес жағдайда – 50 Герц;

адамның жүрегіне барлық адамдарға, тірі организмдерге деген жоғары сүйіспеншілік орнаса – 150 герц және одан жоғары;

ғаламды қабылдау, сөзсіз, құрбандыққа деген махаббат – 205 Гц-тен жоғары екен.

Адамның жиілік спектрін  таза азық-түлік пен түрлі шөптер, эфир майларымен жоғары көтеруге болады. Ол туралы кеңінен келесі жазбамызда әңгімелейтін боламыз.

P.S. Есіңізде болсын, тек ойыңызды өзгерту арқылы – біз бірге әлемді өзгертеміз!

Дайындаған: Жазира Ташматова

Фото: cosmoenergy.org.ua

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған