Дүкенде далаптың түсін таңдау үшін 5 кеңес

Дүкен сөрелерінен далаптың түр-түрін көріп, өзіңізге жарасымдысын қалай таңдайсыз? Бет, ерін пішініне, көз, шаш пен қасыңыздың түсіне қарай таңдау қиынға соға ма?  Егер сіз далап таңдаудан қиналатын болсаңыз, біз сізге бұл мәселені жеңілдетудің бірнеше қарапайым тәсілін ұсынамыз.

 1. Заманауи технологияларға жүгініңіз

Заманауи технологиялар қазір опа-далап таңдауда керемет мүмкіндіктер ашып отыр.  Егер сіздің қолыңызда смартфон болса косметика таңдауға арналған жүктемелер бар: өзіңізді суретке түсіресіз, сосын жүктеме арқылы түрлі бояуларды фотоңыздағы ерніңізге жағып көресіз. Сол кезде сіз өзіңізге қандай далап сәйкес келетінін түсіне аласыз. Ондай жүктемелерді ақылы да, тегін де жүктеп алуға болады.

 

2.  Сүйікті далабыңызды өзіңізбен дүкенге алып барсаңыз болады

Сіздің сүйікті далабыңыз бар, бірақ басқа түстегісін көргіңіз келеді делік. Өзіңіздегі далапты дүкенге алып барып, басқа далаптармен салыстыра отырып таңдасаңыз болады. Немесе өзіңізге сәйкес келетін түсті білесіз, бірақ құрамы бөлек далап алғыңыз келсе де сүйікті далабыңызбен сәйкестендіріп алсаңыз болады. Мысалы сізде сұйық,

жылтырақ далап бар, бірақ сіз жылтырамайтынын алғыңыз келді делік, ондайда түсі бір, құрамы бөлек далаптар көзге бөлек болып көрінеді.

3. Сынап көруге арналған макияжға жазылыңыз

Опа-далаптарыңызды жаңарту үшін ең қолайлысы макияж бойынша мастер-класстарға жазылу. Оны көптеген брендтердің корнерлерінде тегін өткізеді. Далап таңдауда кеңесшілер жақсы көмектесе алады. Олар сізге далаптардың әр түрлісін көрсетіп, ішінен өзіңізге лайықтысын таңдап бере алады.

4. Далап таңдауға тек күндіз барыңыз

Дүкендердегі жасанды жарықтандыру далабыңыздың түсін басқаша етіп көрсетуі әбден мүмкін. Сондықтан далап сатып алу үшін дүкенге күндіз барғаныңыз жөн.

5. Далапты саусағыңызға жағып көріңіз

Қыз-келіншектердің көбі далапты білегіне жағады. Бұл әдіспен сіз бояуыңыз салқын түсті ме, әлде жылы реңкті ме екенін біле аласыз. Ал бұл далап ерніңізде қалай тұратынын білгіңіз келсе онда, бояуды саусағыңыздың басына жағып көріңіз. Есіңізде болсын, қолдың дәл осы тұсы еріннің түсі мен қабатты текстурасына ұқсайтын болып келеді.

@БалжанЖеңісқызы

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған