Эксперимент: Финляндияда ай сайын екі мың жұмыссызға 560 еуро беріліп отырған

Кепілді табыс төлемі Финляндия жұмыссыздарына көмектеспеді, деп хабарлайды 16qyz.kz сайты bbc.com cілтеме жасап. 

Финляндиядағы жұмыссыздар үшін кепілдендірілген шартсыз базалық табыс жұмыссыздар арасында жұмысбастылықтың өсуіне ықпал еткен жоқ дейді фин зерттеушілері.

2017 жылғы қаңтар мен 2018 жылғы желтоқсан аралығында ерікті түрде іріктелген екі мың жұмыссызға айына 560 еуро беріліп отырған. Бұл табыс ары қарай жұмыссыз болып қалатынына немесе жұмысқа орналасқанына (немесе өз бизнесін ашуына) қарамастан берілген. Эксперимент қатысушылары арасында жұмыспен қамту деңгейі өзгермегенімен бұл адамдар өздерін бақытты сезініп, тұрақты стресс сезімі төмендеген. 2017 жылы еуропалық елдер арасынан кепілді базалық табыс идеясын сынауды бастаған Финляндия. Экспериментті Финляндияның Kela әлеуметтік қамсыздандыру бюросы жүргізген.

Шартсыз базалық табыс дегеніміз не?

Базалық табыс үкіметтің азаматтарға олардың басқа табыстарына қарамастан, кепілдендірілген ақша сомасын төлеуін білдіреді. Финляндиядағы эксперимент мұндай шарттан біршама өзгеше болды, өйткені тек жұмыссыздар қатысқан.
Сондай-ақ, азаматтар кепілді табыстың орнына медициналық қызметтер, білім беру және қоғамдық көлік сияқты қызметтерді тегін пайдалана алатын базалық қызметтерге ұсыныс бар.
Бұл идея жаңалық емес. Ол алғаш рет 1516 жылы, яғни 503 жыл бұрын жарық көрген Томас Мордың «Утопиясында» бар.
Бірақ қазір мұндай эксперименттер бүкіл әлемде өткізіледі. Кенияның батысындағы ауылдардың біріндегі ересек тұрғындар 12 жыл бойы айына 22 доллар алатын болады. Италия үкіметі «азаматтың табысы» атты жоспар әзірлеуде. Нидерландыда Утрехт қаласының билігі қазан айына дейін «Weten Wat Werkt – «жұмыс істейтінін біл» деп аталатын табысы бар эксперимент өткізеді.

Не үшін қажет?

Базалық табыстың жақтастары бұл кедейлікпен күресуге көмектеседі деп санайды, өйткені адамдарға жұмыс іздеуге уақыт немесе жаңа кәсіпті оқуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе көптеген кәсіптердің роботизациясына байланысты өте маңызды дейді.
Фин экспериментінің нәтижелерін зерттеген Kela зерттеушілерінің бірі Миска Симанайнен BBC-ге берген сұхбатында үкімет осы құралдың көмегімен әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға болатынын түсіну үшін осы тезисті іс жүзінде тексергісі келген.

Нәтижелер қандай болды?

Барлығы «жұмыс» деген сөзбен түсіндіріледі. Бұл эксперимент жұмыссыздарға жұмыс табуға көмектесті ме? Жоқ, мүлдем. Финляндия үкіметі күткен нәтижеге қол жеткізе алмады.
Симанайненнің айтуынша, кейбір жұмыссыздар жұмысқа орналасса да, салыстырмалы түрде тәжірибеге қатысушылардың мүмкіндіктерін көтермеді.
Зерттеушілер әлі де осы деректер нені білдіретінін зерттейді. Соңғы нәтижелер 2020 жылы жарияланатын болады. Бірақ көпшілігі жұмыссыздықты азайту туралы ойлауға болмайды деп санайды. Олардың көзқарасы бойынша, егер эксперименттің басты мақсаты адамдарды бақытты ету болса, онда бұл жағдайда ол жүзеге асатын еді.

Эксперимент қатысушыларының бірі, газеттің бұрынғы редакторы – Туомас дәл осы BBC сұхбатында «Мен әлі жұмыссызбын. Базалық табыс менің өмірімді күрт өзгертті деп айта алмаймын. Психологиялық тұрғыдан – иә, бірақ қаржылық тұрғыдан- аса өзгеріс жоқ» дейді.

Шартсыз базалық табыс мәселелері

Барлық саяси ағымдардың өкілдері – базалық табыс идеясын белсенді түрде қолдайды және сынға алады.
Олардың көзқарасы бойынша, мұндай жүйе бюджет үшін өте қымбат болады, сондай-ақ адамдар ештеңе жасамай ақша күтетін тәуелділік, масылдық синдромын жасай бастайды. ABB компаниясының бас директоры Ульрих Шписсхофер осы ойды 2016 жылы Financial Times сұхбатында «Материалдық сыйақы қосымша экономикалық құндылықты құруға негізделуі тиіс»- дейді.

Ары қарай не болмақ?
Kela зерттеушілері қазір мұндай бағдарламаны жетілдіру үшін қандай шаралар қажет екенін түсіну үшін жұмыссыздармен эксперимент нәтижелерін мұқият зерттеуде.
Миска Симанайненнің айтуынша бұл эксперимент сәтті немесе сәтсіз аяқталмаған, себебі осыған дейінгі болмаған жаңа деректер.

Түпнұсқа bbc.com

Дайындаған: Мақпал Шайхистамова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған