ЭНЕРГИЯНЫ қайдан аламыз

Күні бойы шаршап, кешке отбасыңызға не қыдыруға шамаңыз болмай жүрсе энергияны қайдан алуды ойлап жүрсеңіз мына кеңестерді есіңізге ұстай жүріңіз. Бұл қарапайым кеңестер сізге кофесіз, энергетиктерсіз жаңа күш жинап, сергектік сыйлайды.

1. Көп уақыт таза ауада серуендеңіз, бөлмеңізді жиі жақсылап желдетіп алыңыз – бұл өмірлік энергияңыздың алмасуын жақсартады.

2. Егер сіз қоңырқай бөлмеде жиі отыра берсеңіз, сізді ұйқы қыса береді. Перделерді сырғытып, бөлмеге жарық өтуін қадағалаңыз.

3. Физикалық нагрузкаларға уақыт бөліңіз, таңертең жаттығу жасаңыз, серуендеңіз не жиі билеп тұрыңыз.

4. Терең демалу ағзаны оттегімен қамтамасыз етеді.

5. Жиі күліп, қуанып жүріңіз. Күлкі адамның энергетикалық каналдарын позитивке толтырады.

6. Егер қарныңыз ашқан болса, жемістер жеңіз: алма, малина, апельсин сізге колбаса, булочкадан көп энергия береді.

7. Аяғыңыздың ұшымен тұра алғаныңызша тұрыңыз.

8. Кофе мен энергетиктерді азайтыңыз, олар сізге энергия бермейді.

9. Жақсы эмоция алуға тырысыңыз: досыңызбен хабарласыңыз, жақсы көретін фильмдер қараңыз, кітап оқыңыз.

10. Мяталы конфет пен сағыз ас қорытуға көмектесіп қана қоймай, беттің бұлшықеттерін оятады.

11. Телевизор мен интернетке көп уақыт құртпаңыз, дұрысы ұйықтап алыңыз, ұйықтап тұрғасын ағзаңыздың энергиясы толығады.

12. Желке, құлақтың ұшы, арқаға жасалған массаж қан айналымды жақсартып, энергияңызды арттыра түседі.

13. Миыңызды жұмыс істетіңіз: кроссворд шешіңіз, жоспарлар құрыңыз.

14. Өзіңіз жақсы көретін нәрсемен айналысыңыз. Сүйікті ісіңіз жақсы энергия сыйлайды.

15. Жеңіл жаттығулар жасап тұрыңыз, сізді сергітіп қана қоймай денсаулығыңызды жақсартады.

16. Шаршағаныңызды сезінсеңіз 10-15 минут көз шырымын алыңыз, жақсы боп қаласыз.

17. Көбірек витаминдер ішіңіз.

18. Күніңізді нақтылап жоспарлаңыз, сонда энергияңыз құры кетпейді.

19. Суық суды көбірек ішіңіз, бетіңізді жуып алыңыз.

20. Адамдарға жақсылық жасаңыз, көмектесіңіз. Олардан алған энергияңыз сізге көмектеседі.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған