Көптеген елдерде салт-дәстүр бойынша, психологияда ескі заттарды тастап, жаңасына ауыстырып отыру керек екенін көп жазады. Себебін ойланып көрдіңіз бе? Онда себебін тарқата кетейік:

1. Молшылық заңдылығы бойынша – жаңа нәрсе келу үшін ескіден құтылу керек. Себебі, Ғалам сізге беретін жаңа зат баратын орынды көрмейді. Сондықтан да, ескі затқа жабысып қалудың қажеті жоқ.

2. Ескі заттар көбіне жиналған ескі-құсқы болғандықтан жаңа энергияға еркін түрде енуге жол бермейді. Өміріңізде өзгеріс жасауға ниет жасамаңыз, ештеме өзгермейді.

3. Біз ескі киімдерді киген кезде, ескі заттарды қолданған кезде, ескі иіс суларды сепкен кезде біз өткен шақты еске түсіреміз. Осы сәтте біздегі ескі ойларымыз қайта келуі мүмкін. Өзіміз білетіндей ойларымыз көп нәрсеге әсер ететінін. Өміріміз қайта ескі ағымға түсуі мүмкін.

4. Ескі заттарды байлану арқылы біз «жаңасын сатып алуға ақша болмай қалатын шығар?» деген ойлар арқылы біз кедейлік түйсікті оятып, кедейлікті өзімізге шақырып аламыз. Егер біз ескі заттарды еш қиналмастан «маған Ғалам жаңа, күшті, әдемісін береді, жаңасын сатып алам» деп оңай қоштассаңыз сіз өз қалағаныңызға оңай қол жеткізесіз.

5. Ескі заттардан тазалану арқылы сіз өз ойыңыз бен қателіктеріңізді ұмытасыз, оларды ұмытасыз. Ескі заттардан құтылу үйіңізді ғана емес миыңызды тазартады. Үйіңізге таза ауа кіргізіп, миыңыздың жұмысын жақсартады.

6. Сол сияқты сізді бағаламаған ескі қарым-қатынасқа да байланып қалудың қажеті жоқ. Алда сізге әліде жақсы адамдар жолығады. Сондықтан, ұмытыңыз жаңа қарым-қатынасқа қиналмай дайын болыңыз. Алладан жақсысын тілеңіз!

Қарап отырсаңыз табиғатта әр көктемде жаңарады, сізде күзде ескіден құтылып, жаңа нәрсеге, мүмкіндіктерге жол ашыңыз! Сәттілік сіздерге!

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған