Футзалдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Серік Жаманқұловтың жарымен сұхбат

Футзалдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы, Еуропа біріншілігінің үздік сұрмергендерінің қатарында болған Серік Жаманқұловтың жары Мөлдір Мусалиевамен сұхбат.

Өзіңізді таныстырып өтсеңіз. Қай жердің тумасысыз?

Есімім, Мөлдір. Текті-де терең тамырлы, бай тарихы бар шұғылалы Шу қаласының тумасымын, футболшының жарымын. Жолдасым Серік екеуміз 2007 жылы отбасын құрдық, қазіргі таңда Мирас, Еркеназ есімді 2 бала тәрбиелеп отырмыз.


Жолдасыңызбен қалай таныстыңыз?

Жолдасыммен 2005 жылы Алматы -Шымкент бағытында журетін поезда таныстық. Серік КазАТК студенттері атынан Шымкент қаласына жарысқа, ал мен алғашқы курсымды тамамдап Шу қаласына уйіме қайтып бара жатқан болатынмын. Серік басқа вагоннан қарны ашып келген екен. (КүлдіМіне осылай жолда тағдыр бізді жолықтырды.

Өзіңіздің кәсібіңіз қандай, қандай мамандыққа оқығансыз?

2004-2008 жылдар аралығында ҚазҰТУ энергетика мамандығын игердім. Отбасыма көп көңіл бөлуім керек болып мамандығыммен аз уақыт жұмыс істедім.

Әрбір жетістікке жеткен ер адамның артында әйелдің шексіз махаббаты тұрады дейді. Өміріңізді жолдасыңызды баптауға арнадым деп айта аласыз ба?

Әр мықты ердің артында парасатты әйел тұрады демекші… Өмірімді жолдасымды баптауға арнадым деп ұялмай айта аламын.


Спортшыға қандай күтім қажет? Арнайы ас мәзірі, күн тәртібін жолдасыңызға ыңғайлайсыз ба?

Күн тәртібін ыңғайлаймын, тамақты ең бастысы уақытылы, ет тағамдарын көп дайындауға тырысамын.

Өзіңіздің күтіміңізге, дамуыңызға уақыт табыла ма? Жеке басыңыздың шаруаларын жасауға тосқауыл қоя ма?

Үйде анамыз болғандықтан өзімнің жеке тұлға ретінде өсіп, дамуыма уақытым жеткілікті. Ешқандай кедергі, тосқауыл жоқ.

Жолдасыңыз үй шаруасына қарайласа ма? Балалардың тәрбиесіне, үй тапсырмасын орындауға?

Үй шаруасына араласпайды, ер адамның араласқанын өз басым ұната бермеймін. Балалардың тәрбиесі екеумізге ортақ, әсіресе ұл баланың жеке тұлға болып қалыптасуы оның өскен ортасы мен алған тәрбиесіне тікелей байланысты.

Жолдасыңыздың өз марапаттар бұрышы бар ма? Марапаттарға қаншалықты көңіл бөлесіз?

Өз марапат бұрышы бар. Еңбегінің жемісі ретінде барлық марапаттарын қуана қарсы аламыз.


Ұзақ мерзімдік жарыс, турнирлерге шығарып саларда жасайтын арнайы жоралғы, ырымдарыңыз бар ма? Жарыстан жеңіспен оралғанда қалай қарсы аласыз?

Жарыстарға кеткенде көбіне жеті нан таратып, бір Аллаға аманаттап жіберемін. Келерде жақсы көретін тағамдарын дайындап күтіп аламыз. Балалар сыйлықтарын дайындайды, маңызды ойындардың алдында барынша отбасымызбен жігерлендіріп, қолдау көрсетеміз. Әлемдік деңгейдегі жарыстардан ағайын -туыстармен күтіп алу дағдыға айналды.

@Мақпал Шайхистамова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған