«Ғалам аруына» үміткер қыздың ұлттық киімі жұртты тамсандырды

«Ғалам аруы-2018» сұлулық байқауының жапониялық қатысушысы Юуми Като ұлттық киімін ұсынды, деп хабарлайды 16 qyz.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына ол сиқыршы қыздар жайлы аталмыш анименің басты кейіпкері — Сейлор Мун бейнесіндегі суретін жариялады. Модель және актриса болып жұмыс атқаратын Като төрт тілді меңгерген: жапон, қытай, ағылшын және малай.

22 жасар жапон қыздың айтуынша ұлттық киімі «жаңа жапон мәдениетін» көрсетеді. Ол подиумға ниндзя костюмінде шығып, дефиледен кейін жамылғыны шешіп, Сейлор Мун киімінде өнер көрсетпекші. «Байқаудың финалын асыға күтемін» – дейді Като.

Катоның бұл жазбасының астындағы пікірлерде көптеген жанкүйерлер қызды мақтап, киімінің сәтті таңдалғанына және өте жарасымды екенін айтып жатыр.

«Ғалам аруы-2018» байқауының финалы биыл 17 желтоқсанда Таиландтың Бангкок қаласында өтеді. Жеңімпаз титулдың қазіргі иегері Оңтүстік Африка Республикасынан Деми-Ли Нель-Питерстен тәжді қабыл алады.

@АнарМұстафина

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған