Ғалымдар қатерлі ісік ауруының негізгі белгілерін анықтады

Аурудың белгілерін дер кезінде анықтау қатерлі ісіктің даму ықтималдығын төмендетеді. Британдық ғалымдар қатерлі ісік болғанда жиі кездесетін жеті белгісін анықтады. Егер төменде келтірілген белгінің біреуі болса, дереу дәрігердің қабылдауына бару керек.

Лондон McMillan Cancer Center медицина ғалымдары қатерлі ісік ауруларының бар екенін көрсететін бірнеше белгілерін атап өтті.

Оларға мыналар жатады:
– ішек құрылысының немесе қуық жұмысының өзгеруі;
– түсініксіз қан кету (қан талдауында гемоглобин нормадан әлдеқайда төмен болады);
– жұтынғандағы қиындықтар;
– денеде кез келген түйін пайда болу;
– созылмалы жөтел;
– терідегі жазылуы қиын жараның болуы және меңнің (қалдың) мөлшері немесе түсі өзгеруі.

Егер адам осы симптомдардың бірнешеу емес біреуін болсын ағзасынан байқаса, дереу дәрігерге көрінуі керек.

Ғалымдар он адамның төртеуінен онкологиялық ауруды дер кезінде тексеріп тауып, аурудың одан әрі дамуына жол бермеуге болады дейді.

Қатерлі ісік ауруы қаупін азайту үшін дәрігерлер шылым шегуден, ішімдік ішуден (аз мөлшерде ішуді), артық салмақтан арылып және физикалық белсенділікті бәсеңдетпей, күн астында тым ұзақ жүрмеуді, диетаны қадағалауды ұсынады.

Түпнұсқа https://www.mk.ru/science/2019/01/12/uchenye-perechislili-glavnye-simptomy-raka.html

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған