Гормондар ғажайып нәрсе, олар жазылған кесте бойынша нақты жұмыс жасайды! Сондықтан, гормондар кестесін біліп, соған қарай күніңізді құраңыз. Сонда сіздің энергияңыз күні бойы таусылмайды және ағзаңыз жас күйін ұзақ уақыт сақтап қалады.

Гормондардың кестесі:

Сағат таңғы 6:00 ға дейін тұру СЕРОТОНИН – бақыт гормоны пайда болады.

6:00 — КОРТИЗОЛ деңгейі жоғары – ағазаның сергектігін сыйлайды!

Дәл қазіргі сәтте логиканы максималды түрде қосып, осы күнге арналған жоспар құрып оны орындау керек. Бәрі орындалады.

Таңертең жаттығу жасау барысында 700-900 мл су ішетін болсаңыз Күйзелу гормондары шайылады.

7:00 — МЕЛАТОНИН пайда болуы доғарылып, жыныстық гормондар оянады. Ары қарай ұйықтаудың пайдасы жоқ, себебі ары қарай ұйқының құндылығы 0 ге тең, сондықтан да өмірді құру өткізуге болмайды.

8:00 — жыныстық гормондардың күші артады. Бұл дегеніңіз стероид гормондар, біздің бұлшықетті каркасымызды құрайтындықтан, жаттығу жасау, гимнастика жасайтын уақыт. Сол үшін спорт залға барыңыз және жыныстық қарым-қатынас үшін қолайлы уақыт.

10:00 — 14:00 ДГЭА – нейрогормон көбейетін уақыт, ол есте сақтауды, есте сақтау жадын жақсартуға жауап береді. Сондықтан, мимен істейтін жұмыстармен айналысыңыз.

14:00 — 16:00 — Егер бұл уақытта ұйқыңыз келсе, 20 минут ұйықтап алыңыз. Бұл уақытта өсу, жаңару гормондары іске қосылады. Жастығыңыз бен бетіңіздің әдемілігін сақтауға көмектеседі. Ұйықтап тұрғасын біраз созылып-керіліп алыңыз.

17:00 — КОРТИЗОЛ азая бастайды. Сол себепті жауапты шешімдер қабылдауды кейінге қалдырыңыз. Бұл уақытта жаттығумен айналысуға болмайды, себебі бұлшықетті қоректендіру қиынға соғады.

21:00 — МЕЛАТОНИН бөліне бастайды. Дененің температурасы түсіп, отбасымыздан, үйімізден жылылықты қалап тұрамыз. Отбасы мүшелерін құшақтауға дайын болыңыз.

22:00 — ЭНДОРФИНдер оянатын уақыт. Осы уақытта ұйқығы жату толықтай демалуыңызға әсер етеді. Күндізгі ауыртпалықтар азайып, ағзаңыз қайта жүктеледі.

22:00 мен 4:00 ге дейін ұйықтау, ағзаның күйін жақсартады. Бұл уақытта ұйықтамау адамды шаршатады, қартайтады.

23:00 — Өсу гормоны іске қосылады. Адамдар жасарып, балалар өседі, жаралар жазылады. Дене сүйектері қатайып, бұлшық еттері бітіседі.

Өзіңіз көргендей, ағзаңыз бәріне уақыт бөліп қойған, дұрыс пайдалану өз қолыңызда.

Аударған Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған