Халық банк енгізген өзгерістер

Халық банк пен Казком, өздеріңіз білетіндей, жақын арада қосылып бір банкке айналды. Екі банк жүйеcі біріккен кезде біршама өзгерістер орын алып, біраз қиыншылықтар туындағаны рас. Міне, осы орын алған кемшіліктерді түзеп, Халық банк қызметтерін қолданушылардың мүмкіндігін арттыру мақсатында #JanaHalyk атты жақсарту бағдарламасын іске қосты. 

#JanaHalyk атты жақсарту бағдарламасы аясында бүгін, яғни 28 қараша күні, Halyk Bank бірнеше жаңа қызметтер ұсынды. 9 900 000  тұтынушысы бар банк үшін бұл өзгерістер оң қадамға бастары анық. Сонымен,  Halyk Bank  қандай өзгерістерді іске қосты:

  1.   Western union. Western union қызметін қолдану үшін бұрын сіз міндетті түрде банк бөлімшесіне бару керек болғансыз. Қазір бұл қызметті сіз онлайн түрде орындай аласыз.
  2. Виртуал карталар. iOS және Android арқылы жылдам түрде виртуал карта аша аласыз. Карта ашуға сізге бар жоғы 1 секунд уақыт кетеді, әрі картаның жылдық қызмет көрсету құны –  1 теңгеHomebank қосымшасы арқылы кіріп «Меню» тетігін басып, төмендегі тізім ішінен «Открыть карту» деген тетік арқылы іске асыра аласыз. Виртуал картадағы қаражатыңызды банкоматтан шеше аласыз. 3.  0 теңге. Енді барлық халық банкінің тұтынушылары карталарының арасындағы ақша аударымдары 0 теңге болады. Бұл дегеніңіз, енді басқа Halyk Bank картасына ақша аудару үшін сіз ешқандай % төлемейсіз. (Бұрын бұл қызмет ақылы болған). Halyk Bank қолданушылары күніне 1 000 000 аударым жасайды.

4. ApplePay. Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және Mastercard карталарын ұстаушылар өз тұтынушыларына жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз қызмет ұсына отырып, мобильді төлемдер саласын жаңа деңгейге шығаратын жеңіл әрі қауіпсіз төлем құралы Apple Pay арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу мүмкіндігін ұсынды. Бұл дегеніңіз,  сіз кез келген жерде байланыссыз телефоныңыз арқылы төлем жасай аласыз. Apple Pay қызметін іске қосу өте оңай: клиенттер Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және  Mastercard картасын Homebank қосымшасы немесе Wallet қосымшасы арқылы төлем қызметіне қоса алады. Дүкендерде Apple Pay арқылы төлем жүргізу үшін iPhone SE, iPhone 6 және одан кейінгі жаңа үлгілерді, сонымен қатар Apple Watch қолдануға болады.

  • Homebank қосымшасын бүгінде 2 500 000 адам қолданады әрі осы қолданушылардың 45 % – Apple құрылғыларын пайдаланады.
  • Halyk Bank-тің эквайрингтік желісі контактісіз төлеу функциясы бар  26 мың POS-терминалдарды қамтиды. Бұл – елдегі ең ірі POS-терминалдар желісі. Бұл ретте Visa, Mastercard картасын немесе алып жүретін Apple құрылғыларын жай ғана тигізу арқылы тауарлар мен қызметтерге төлеуге болатын терминалдар Қазақстан бойынша 9 585 саудагерде орнатылған. Жалпы алғанда, әлемде Apple Pay қолжетімді болатын 11 миллионнан артық локациялар бар.
  • Homebank арқылы төлемдер мен аударымдарды қоса, төлем карталарын жиі қолдана бастады: соңғы кезеңде онлайн-платформа арқылы 28 млн төлем жүргізілді.
  • ApplePay қызметін интернет ұстамай тұрса да қолдана аласыз.

Homebank қосымшасы арқылы Apple Pay құралын қосу: 

Wallet қосымшасы арқылы Halyk Bank  картасын қосу: 

Apple Pay құралын қосу арқылы сіз банктен 500 Go бонусқа ие боласыз және танымал кофеханалардан 5 %  жеңілдікке ие боласыз.

Арнайы 16 qyz.kz үшін Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған