Кейтлин Мораннан лайфхак: 2019 жылы қандай әйел болу керек

Кейтлин Моран The times журналисі, «How to be a woman» атты атақты кітабының авторы. Қалай әйел болу керек, ең бастысы қандай әйел болу керек? Кітапта айтылған даналықтардан жасалған лайфхактарды төменнен оқи аласыз.

1. Мәселені өзіңіз талдап және байыппен шешіңіз.

Кейтлин 15 жасында «Әйел-әтек» деген кітапты оқып шыққан соң феминистка болады. «Жермен Грир феминистка ретінде ең маңызды қолыңнан келетін нәрсе – өзің бәрін ұғынып әрі мәнін түсіну деп үйретеді», – дейді Кейтлин.

«Феминизм – ережелер тізімі емес, бұл тәсілдердің жиынтығы, яғни бұл оның неге болғанын және оны қалай шеше алатындығын түсіну үшін өз мәселеңе және өз сәтсіздіктеріңе беттестіріп көретін логикалық пайымдаулар», – деп түсіндіреді Моран.

2. Жақсы сүйетін жігітті емес, қызықты сұхбаттас іздеңіз.

Кейтлин провинциялық Вулверхэмптонда өскенше жігіттермен жолы болмады, бойжетіп Лондонға қоныс аударған соң қылымсуды үйреніп, жігіттермен қатынас құрып үйренуге бел буды. «Сенің жай ғана өзіңді сүюді сұрағаныңа жігіт әдетте бұл өтінішке жауап беретіні мен үшін ең үлкен өмірлік сабақ болды», – дейді жазушы. Ол сондай-ақ өз тәжірибесіндегі ең жақсы сүйісетіндер – жалықтырмас сұхбаттас екенін анықтады: «олар сені тыңдайды және айтқандарыңа жауап береді».

3. Мұнда *ексизм бар екенін білу үшін бір қарапайым сұраққа жауап беріп көр.

Кейтлин музыкалық журналда жас журналист болған кезінде бастығы оны тізесіне отыруын сұраған. Бұл ұсыныс оны сергелдеңге түсірген.

«Кейде жыныстық мінез-құлықтың көрінісі болған кезде, сіз үрейленіп бұл *ексизм ба жоқ па түсінбейсіз. Сіз күмәнданасыз. Сонда өзіңізге мына сұрақты қойып көріңіз: ер адамдар осындай жағдайға тап болуы мүмкін бе? Ер адамдар осындай жағдайды ашусыз қабылдай ала ма?», – деп журналист пайымдап, осы риторикалық сұраққа өзі жауап береді: «егер жауап «жоқ» болса, онда *ексизм шынымен орын алғаны». Айта кететін бір жайт, журнал редакциясында ер адамдардың ешқайсысы бастықтан ондай ұсыныс алмаған.

4. Сіз өз жігітіңізбен қарым-қатынасыңыз туралы айналаңыздағыларға көп айтасыз ба? Мүмкін ондай қарым-қатынасты аяқтайтын уақыт келген шығар.

Кейтлиннің айтуы бойынша оның бірінші жігіті Кортни «жалқау, ауыр мінезді» болған. Ол рок-топта музыкант болған, ал Кейтлин үнемі зардап шегетін. Өзін қатты бақытсыз сезініп, түннің жарымына дейін әпкесімен жігітімен қарым-қатынасын телефонмен үздіксіз талқылай беретін. Қыз шын мәнінде бақытты болып, жігітпен қарым-қатынасы жақсы болса онда ол үнсіз жүреді, жарты жылға жоғалып кеткендей болады, қайтадан пайда болғанда көздері бал-бұл жанып тұрады. Ал сіз бақытсыз болғанда, сіз бұл туралы үнемі айта бересіз.

5. Сәнге келетін болсақ, төмендегі қарапайым бар-жоғы 4 ережені орындаңыз.

а) леопард принті – бейтарап принт;
ә) аяғыңызда қара тығыз шұлық пен ботильон болған жағдайда үстіңізге кез келген нәрсені киюге болады;
б) шұлығыңыздың тесігін желімдеу үшін скотч жеткіліксіз.
в) ешқашан тек химиялық тазалауды талап ететін ештеңе сатып алмаңыз. «Егер сіз жууға болмайтын әдемі нәрсе көрсеңіз, онда текке жаратылмаған 50 фунтыңызды (шамамен 24 мың теңге) қалтаңызға салып, одан әрі қарай кете беріңіз», – дейді Кейтлин.

6. Үйлену тойыңызға ақша жоқ па? Үнемдеу үшін, тойды некенің басында емес соңында ұйымдастырыңыз. Той жасаудағы басты мәселе – тойға қажетті қаражат. Онда неге басқаша жасамасқа?

«Британияда үйлену тойына орташа есеппен 31 мың фунт (шамамен 40 мың доллар) кетеді. Егер бәрін қайтадан бастасақ, онда біз осы қаражатты алпыс немесе жетпіс жасқа келгенде, ипотека төленген кезде мәңгілік махаббатымыздың құрметіне керемет той ұйымдастырып, күйеуіміз екеуіміз «Мен сені мәңгі жақсы көремін» деп айтқанымыз расында орындалды деп айта алар едік», – деп кеңес береді Кейтлин.

7. Ана болу сізді басқа еш жерден біле алмайтын ерекше ештеңеге үйрете алмайды.

«Қоғам баласыз әйелдердің қандай да бір мағынада толыққанды емес екеніне сендірді. Сіз басқа еш жерден ала алмайтын өмірлік сабақтар тек ана болумен беріледі, осындай даналықты өздігіңмен үйрену – аянышты ұқсастық», – деп жазады Кейтлин Моран. Бірақ олай емес екені анық.

Оның айтуынша «ана болуда тұрған ештеңе жоқ, жүздеген керемет кітаптарды оқып, жартасты шыңдарға шығып, ессіз сүйіп, қыста өзенге шомылып, раушан гүлін өсіріп, сыпайы қарым-қатынасты сақтай отырып бейтаныс адамдарға дөрекі сөйлемеуді ана болмай да үйренуге болады» дейді.

8. Өміріңізде қуаныш болуына құқылы екеніңізді талап етіңіз

Әйел – «маңызды істер тізімі» емес, осыны ұмытпаңыз! Бірқатар мәселелерді: артық салмақ, денедегі түк, безеу, жағымсыз иіс, шаршау, тартымсыздық – осының бәрін шешуге болады», – дейді автор. Әйелдер жоғарыда аталған мәселелерді шешуге көп уақыт пен ақша жұмсау керек деп санайды.

Феминизмнің қазіргі толқынында әңгіме патша тұлпарының астына құлау туралы емес (1913 жылы Дерби ат жарыс кезінде суфражист Эмили Дэвисон әйелдердің өз құқықтары үшін күресіне назар аудару үшін жасағандай), өмірдегі қуаныш үшін өз құқығын талап ету. Ал ол үшін автор барлық қобалжуға тіке қарап жан даусыңызбен қарқылдап күліңіз деп кеңес береді.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған