Кешіру. Ол не үшін керек?

Өзгеге деген реніш өзіңізге ғана батады. Өзіңізді ғана жаралайды. Ондай ауыр жүкпен жүру тек сізге ғана қиын. Көбіміз реніштің салдарын жете түсінбейміз. Сондықтан бәрін ішімізге жиып алып, өкпелеумен өмір өткіземіз. Кек сақтаумен күн кешеміз. Бірақ сіз өз бақытыңызды жасайтын жалғыз адамсыз. Өміріңізді өкпемен өткізесіз бе, әлде бәрін кешіріп жаныңызға тыныштық іздейсіз бе – шешім өзіңізде.

Сіз алға қарай қадам баса алмайсыз, бақыттың есігі оңай ашылмайды. Егер өткен өміріңізде орын алған келеңсіз жағдайларды жиі қазбалай берсеңіз болашақтың жарқын сәтін көре алмайсыз. Біреуге деген кек сізді уақытша ғана бақытты етуі мүмкін, бірақ бәрібір бір күні қайта көңіліңізге қаяу салады.

Келеңсіз жағдайлар  бәрінің басынан өтеді. Бәріміз қателесеміз, сабақ аламыз. Сізде ғана бақытсыздық орнаған жоқ. Бәріміз әркімнің алдында кінәліміз. Бірақ соның бәрін өзімізге жүк қыла бергеннен дым ұтпаймыз. Адам болғасын бір-бірін түсінбейтін кездер болады. Реніш солай пайда болады. Өмір солай.

Кек сақтау – ауырлық. Біреуден кек алу үшін ғана күн кешіп жүрмін деп ойламайсыз ба? Осыдан не ұтамын деп ойлайсыз? Ал, кек алдыңыз дейік. Бақытты болдыңыз ба? Ұйқыңыз тыныш па? Сол кекті босатқан кездегі бақыт одан да бөлек. Кешіріп көріңіз, нәтижесін байқайсыз.

Ішіңіздегі реніш сіздің өміріңізді тек көңілсіз фильмдегідей етеді. Сізге сондай өмір қажет пе?

Ренжіген адам қалай өмір сүріп жүргенін байқамайды. Өкпе адамды соқыр етеді. Солай ештеңе көрмей өткеніңізді қалайсыз ба? Кешіре біліңіз.

Сіз біреудің нашар қасиеті үшін ренжісеңіз, демек ол қасиет сізде де бар деген сөз немесе сондай күйді кешуіңіз мүмкін. Тартылыс заңы солай. Ол рас.

Біз кешіруге ұмтылған сайын Тартылыс күші іштегі өкпені оңай ұмытуға жол көрсетеді.

@АқеркеӘбілхан

Фото: pravmir.ru

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған