Күйеуіне тартымды көрінгісі келетін әйелдің ұстанымы

Әр еразамат өзінің әйелінің әдемі, ақылды, тартымды, қылықты, пысық болғанын қалайды. Сондықтан да, әр әйелдің күйеуіне тартымды көрінгісі келеді. Әр әйел өз ерінің көңілінен шығу үшін әрқашан дамып, өзгеріп отырады. Осындай ақылды әйелдердің міндетті ұстанымдары болады. Қандай ұстаным екенін төменнен оқи отырыңыз:

1. Әйел өзін сүйеді. Әйел өзін-өзі күтіп, әдеміленіп, қуанышты көңіл-күймен жүріп, айналасына мейірімін төгіп өзінің сүйікті ісімен айналысады. Өзіңді өзің жақсы көру эгоизм емес, тек өзіңе көбірек көңіл бөлу, ішкі жан дүниеңнің тыныштығы.

2. Еркектер көзімен сүйеді. Мұны ұмытпау керек. Күйеуіңіз жұмыстан келген әдемі киіммен, өзіңіздің әдемі күлкіңізбен, жарасымды сәнмен қарсы алыңыз. Үйленген бірінші күннен солай қалыптастырыңыз. Жұмысқа қалай барып келгенін, күнінің қалай өткенін сұрап алыңыз. Үйдегі ұсақ-түйекті асықпай тамақ беріп алғасын айтасыз.

3. Интимді өмірлеріңіз туралы сөз қозғаңыз. Ләззат алу жолдарын талқылаңыз. Секс тақырыбында жаңа нәрселер үйренуге тырысыңыз, бірге жасап көруге тырысыңыз. Секспен жиі айналысу қарым-қатынасты жақсартады, әрі басқаларды ойлауға мүмкіндік бермейді. Жұмыстан шаршап келген болса, массаж жасаңыз демалуына мүмкіндік тудырыңыз. Секссіз де ләззат алуды үйреніңіз. Жиі құшақтап, жиі сүйіп тұрыңыз.

4. Ұрыс-керістен дұрыс аяқтап үйреніңіз. Бір-біріңізге келісуге мүмкіндік жасаңыз. Туыстарыңыз, балаларыңыздың, достарыңыздың көзінше күйеуіңіздің кемшіліктерін айтпауға тырысыңыз. Өзін сыйламайтын әйелмен еркектің жақындасқысыда келмей қалады.

5. Күйеуіңіз үшін әрқашан құпия болыңыз. Өзіңіздің хоббиіңіз, жеке әйелдер темасындағы құпияңыз болсын. Образыңызды, киіну стиліңізді жиі ауыстырып тұрыңыз, сырт келбетіңізге өзгеріс жасап тұрыңыз.

6. Күйеуіңізден айырылып қалудан қорқып оны қызғануды қойыңыз. Ақылды болуға тырысыңыз. Басқалармен өзіңізді салыстырмаңыз, мен ерекше әрі ең сүйікті әйелімін деп миыңызға сіңіріңіз. Өзіңізге негатив шақырмаңыз, үйде жүрген кезде өз отбасыңызды көңіл-күйіне мән беріңіз. Күйеуіңіздің ұнататын нәрселеріне көңіл бөліңіз, қолдаңыз.

7. Еркек өзінің «табыскер» екенін сезінсін. Шешімді ол қабылдасын, мақтаңыз, қолдаңыз, достарының алдында аздап артықшылықтарын айтыңыз. Өз қалауыңызды ақырындап түсіндіріңіз, талқылаңыз. Бірігіп шешім қабылдаңыз.

Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған