Күйеуіңіз үйге көңілсіз келсе

Тұрмысқа шыққасын еріңіздің көңіл күйін табуға міндетті боласыз. Оның тамағын ғана дәмділеп дайындап қана қоймай, үйін таза қылып ұстап, жайлы қылсаңыз күйеіңіз сіздің қасыңыздан ешқайда кетпейді. Күйеуіңіз үйге көңілсіз келсе не істеуге болад, біле жүріңіз.

  1. Күйеуіңіздің кейде үйіңізге көңіл-күйі жоқ болып келгенін байқаған болсаңыз, бірден «Не болды?», «Ренжулісің ғой, тыныштық па?», «Тағы не болып қалды?» деп жүйкені одан әрі тоздыратын сұрақтарды қоя бермеңіз. Ол бәрібір ашып айтпайды. Еркектің болмашыға көңілі түспейді. Оған тыныштық керек. Сол үшін қашанда жатын бөлмесі жинақы әрі салулы тұрсын. Жақсылап тынығып алғаннан кейін әйелге айтар нәрсесі болса, өзі-ақ мұңымен бөліседі. Ал бұл жайында жақ ашпаса, қайта-қайта қозғап, жарасын тырнап, ашуын келтірмеңіз.
  2. Жұмыстан келген жұбайыңыздың қабағы қатулы екенін байқадыңыз ба, дереу дастархан жайып, алдына өзіне ұнайтын асты алып келіңіз. Аш адам ашуланшақ келеді.
    Көңілсіз күйеуіңіздің көңіл-күйін қызықты жайттарға аудара біліңіз. Немесе бүгінгі күніңіздің қалай өткенін, балаларыңыздың тәтті қылықтарын айтып беріңіз. Ол үшін жанұясы-жанға жайлы демалыс болсын.
  3. Ашуланып отырған күйеуіңізге отбасындағы жетіспеушіліктерді айтып, одан ары көңілін түсірмеңіз. Кейін асықпай бәрін айтып аласыз.
  4. Жылы сөзіңіз де оның өмірге деген құштарлығын арттыратындығы есіңізде болсын. Кейде әйел адамның өзі де қатты сөздерімен немесе ақымақтықпен істеген ісімен еркекті ренжітіп алып жатса, дереу жылы жымиып, тәтті сөздерді төге салғанға не жетсін. Сонда ғана отбасында сыйластық болады. Отбасындағы өткен көңілді, бақытты сәттерді еске түсіріп, күйеуіңізді алда болар қуаныштармен серпілтіңіз.
  5. Оны қатты сүйетініңізді, құрмет тұтатыныңызды, бағалайтыныңызды жиі-жиі айтып отырыңыз. Сүйіспеншілік те күйзелісті қуады.
  6. Әйелдің жақсы массажист болғаны да дұрыс. Еркек шаршап келгенде, көңілсіздікке берілгенде әйелінің оған массаж жасағаны, аялы алақанымен сипағаны барлық күйзелісті, уайымды ұмыттырады.

Бұл кеңестерді әрқашан есіңізде ұстаңыз, күйеуіңіз күнде жұмыстан келгенде осылай қарса алсаңыз, күйеуіңіз үйге асығатын болады. Сіз күйеуіңізді жұмыстан қалай қарсы аласыз? Ашуын тағы қалай басасыз?

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған