Күйеуіңізге деген ренішті ұмыту

Екі адам бірігіп өмір сүре бастағасын күндердің бір күнінде қасыңдағы адамға деген реніштер пайда бола бастайды. «Жоқ, мен мән бермеймін» деген күннің өзінде бір нәрсе сіздің көңіліңізге қаяу түсіреді.

Ол адам оны әдейі жасамаса да сіздің көңіліңіздің бір түкпірінде оған деген реніш пайда болады. Осындай реніштер жиналып келіп, ары қарай бірге өмір сүруіңізді қиындата бастайды. Осындай реніштерді ұмыту, кешіру жолдарын талқылап көрейік:

Күйеуіңізге деген ренішті ұмыту:

1. Күйеуіңізге басынан бастап сізге не ұнамайтыны ашып айту керек. Не себепті екенін талқылаңыздар.

2. Өзіңді ренжітуге жол берме, саған қатты сөз айтып, қол көтеруге апарма. Ашуы басылғанша үндемей қала сал, артынан асықпай түсіндір.

3. Жанжал кезінде өзіңнің тарапыңнан болған қателіктерді мойындай білу керек. Жаныңдағы адамдар кемшілігіңді айтқан кезде бірден ренжімей анализ жасай білу керек.

4. Оның жақсы жақтарын ылғи есіңде ұста. Сол үшін оған ішіңнен рахмет айта баста, кейде расымен мақтайтын іс жасаса өзіне рахмет айтудан қысылма.

5. Жақсы қарым-қатынастарыңды есіңе түсір, соны қайталауға тырыс. Оған не ұнаушы еді, бір рет ойланып көр.

Қарап отырсаңыз күйеуге деген ренішті жеңудің жолдары өте көп, бастысы оны кешіруге деген ниет. Іштей өзіңізбен жұмыс жасаңыз немесе психологпен не өзіңіз ашып әңгімелесе алатын адамға айтыңыз. Біреуге айтуда сіздің ренішіңізді азайтады. Жеңілдейсіз, жеңілдеген соң басқаша ойлар келіп көз-қарасыңыз өзгере бастайды.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған