Купероз дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады?

Күн суыта салысымен бет терісі сезімтал арулардың проблемасы көбейе бастайды. Сыртқы факторлардың әсерінен бет терісі қызарып, қабынып, қышып, дуылдайды. Терінің сезімталдығы артып, құрғап, қабыршақтанады. Бұның бәрі купероз ауруының белгілері. Әдетте, купероз бет терісі ақшыл қыздарда пайда болады.

Купероз деген не? Оның себеп-салдары қандай?

Купероз – терінің жоғарғы қабатындағы қанайналымның бұзуылуынан пайда болатын тері ауруы. Ауыр күштен беттегі капиллярлар осал және жарылғыш келеді. Асқынған жағдайда розацеа ауруына ұласады.

Негізгі белгілері:

  • Беттің қызаруы (қанның бетке құйылуы). Суықтан ыстық жерге келген кезде бет қызарып, дуылдайды. Бұл симптом тек ауа температурасы ауытқығанда ғана болады.
  • Беттің үнемі қызарып тұруы (қызылдығы)
  • Үнемі күнге күйгендей, нарттай қызарып тұрады.  
  • Безеу тәрізді майда қышыма пайда болып, орны тітіркеніп, дызылдайды.
  • Тері астынан майда қан тамырлар көніріп тұрады.

Қосымша белгілері:

  • Көздің қызарып, тітіркенуі. Қабақтар ісініп, қызарады. Тіпті, теріскен қаптауы да мүмкін. Қатты асқынған жағдайда көп көруі нашарлайды.
  • Бет күйіп жатқандай, қышып, бетті тартып жатқандай сезімде болу.
  • Беттің ісінуі
  • Жоғарыда аталған симптомдардың мойында, кеудеде, құлақ және бас терісінде пайда болуы.

Беттегі купероздың пайда болу себебі

Ең негізгі себеп — генетикалық бейімділік.

Ал қосымша факторлар ретінде:

  • Алкогольді ішімдік. Оның ішінде, әсіресе, шарап қан тармырларды кеңейтеді;
  • Зиянды әдеттер;
  • Өте ыстық және ащы тағамдарды жеу;
  • Ауа температурасының күрт ауытқуы. Суықта ұзақ жүру, ыстық моншадан соң, суық бассейнге секіру және т.б;
  • Ультракүлгін сәуле әсері. Бетті күннен қорғамау, солярийді жиі тұтыну купероздың өршуіне әкеп соғады;
  • Агрессиялық тағамдар. Мысалы, кофе, шоколад және т.б;
  • Стресс, жүйкенің тозу куперозды өршітеді.

Куперозды қалай емдейді?

Алдымен дәрігер купероздың пайда болу себебін анықтауы керек.

Ауруды тудырушы факторды анықтаған соң, дәрігер пероральды емдеу тәсілін қолданып, қызарғанды басатын, аурудың бетін қайтаратын терпапия ұсынады. Әдетте, дәрігерлер емдеуге аскорутин, викасол, троксевазин дәрілерін қолданады. Ал, окулярлық розацеаны антибиотиктермен емдейді.

Заманауи ем

Егер қажеттілік туындап жатса, куперозды лазермен, хирургиялық құралдармен және тағы да басқа медициналық жолмен емдеуге болады.

Ультрадыбысты тазалау

Беттегі майда жұлдыздаршаларды алдыртып тастамас бұрын, бетті ультрадыбыстың көмегімен тазалап алу керек. Бұл регенерация процесін жылдамдатып, теріге пайдалы заттардың сіңуіне көмектеседі.

Лазермен емдеу

Дәрігерлердің айтуынша, лазермен емдеген соң, бетте ешқандай да тыртық қалмайды екен. Бұл процедурадан соң, бетке күтім жасап керек емес. Бірақ, алкогольден және стресстен арылу керек болады.

Фотожасарту (фотоомоложение) құралы

Бұл процедур купероздың симптомдарын ғана құртпай, сонымен қатар ауру туғызушы факторды да жояды.

Мезотерапия

Мезотерапиядан соң, бет тамырлары тарылып, қатаяды. Тері шымырланып, қан тамырларының көруіну азаяды. Бірақ, куперозды емдеуде мезотерапия аздық етеді, қосымша тағы да басқа процедура қабылдау керек болады.

Куперозды үйде емдеу

Куперозды үй жағдайында емдеу өте ұзаққа созылады. Бірақ, дәрі-дәрмекпен қоса, халық емін жасаса, жазылу процесі де жылдамдайды. Қанайналымды жақсартып, сезімталдықты төмендетуге зімбір, алма уксусы, лимон, жасыл саздан жасалған маскалар пайдаланған жөн.

Беттің күтімі

Купероз кезінде бетке ерекше күтім қажет етіледі. Күтімге пайдаланатын косметиканы косметолог-дәрігерлермен кеңесе отырып, алу керек. Бетті нәзік құралдармен тазартып, жылы сумен шайып, жұмсақ сүлгімен сүрту керек. Бет күтіміне химиялық құрамы жұмсақ құралдарды ғана пайдалану шарт. Ал бетті күннен қорғауға, құрамындағы SPF 15-тен жоғары кремдерді пайдалану керек.

Боянарда тоналды, BB крем жақпас бұрын, астына жасыл консилер пайдаланыңыз. Ол беттегі қызылды жақсы жабады.

Купероз кезінде мына әрекеттерді жасамауға тырысыңыз:

  • Қатты, бұдыр сүлгілерді пайдаланбау
  • Бу ингалияциясын жасамау
  • Қолмен бетті тазартпау
  • Мұздай сумен жуынбау
  • Саунаға бармау
  • Суықта, күнде көп жүрмеу
  • Құрамында әсел, эвкалипт, алоэ, ментол, жалбыз, қалампыр эфир майлары бар маскаларды қолданбау.

Профилактика:

  • Бетке аэробика жасау
  • Дәруменге толы диета ұстау
  • Құрамында спирт бар және басқа да авразивті косметиканы қолданбау
  • Бетті ылғалдандыратын, күннен қорғайтын крем жағу
  • Зиянды әдеттерден арылу
  • Пайдалы тағамдар тұтыну.

@Райхан Акимбаева

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған