«Махаббат бекетінен тағдыр бекетіне дейін»

Жақында Алматыда белгілі продюсер Баян Алагөзованың «Тағдыр бекеті«/»Станция судьбы»  фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Бір жылға жуық уақыт түсірілген картина көпшіліктің көңілінен шықты. Оған көрсетілім біткен соң БАҚ өкілдерінің бірде-бірінің қайтқысы келмей, шығармашылық ұжымға  жарыса сұрақ қоюынан-ақ білуге болады.

Сонымен, картинадан маған ұнағаны:

1) Операторлық жұмыс өте жоғары дәрежеде. Даланың әдемілігін оқиғалардың желісімен әдемі үйлестіре алған. Әсіресе, купенің ішін күшті түсірген ❤
2) Актерлік құрам туралы айтар болсам. Картинада бар-жоғы он шақты актер. Оқиға желісі тағдыр тоғыстырған екі жас пен олардың ата-аналарының арасында өрбиді. Оқиға желісі қарапайым. Мұнда керемет экшн да жоқ. Шиеленіс те жоқ. Бүкіл сюжет негізінен сол бекеттің төңірегінде орын алады. Дегенмен, көрерменін жалықтырмайды. Себебі, актерлік құрам өте жақсы таңдалған. Сендіре білді. Баян ханымның көз таныс актерлерді емес, жаңа бейнелерді ашқаны ұнады.
3) Музыка. Сөзсіз ғажап музыка. Өте сәтті қойылған. Махабаттың нәзік иірімдерін, өз сезімі үшін арпалыс пен толқынысты әдемі жеткізген.
4) Асқар Ілиясовтың (басты ролдегі жігіт) вагонда сүйіктісіне арнап гитарамен ән айтқаны жүректі елжіретті. Шедевр деуге болады ❤

Ұнамағаны:
1) Көрермен 25 жыл бұрын түсірілген картинаның жалғасы р
етінде осы жолы Орал мен Гүлназдың қосылғанын күтті. Бірақ, тағдыр Оралға қаталдық танытқандай. Алғашқы бөлімде сүйгеніне қол жеткізе алмай жалғыз қалса, бұл бөлімде шеберханасында өмір бойы сүйгеніне туынды арнап, хат жазып сағынышпен өмірін өткізген жан ретінде бейнелепті. Ол аз болғандай отау құрған жары қайтыс болып, өзімен өзі күн кешіп жатқан жан ретінде көрсетілген. Ең болмаса, шығармашылығы өрлеген ел таныған азамат ретінде көрсеткенде ғой деп қайттым, шыны керек.
Дегенмен, киноның аты кино. Оның өз сценарийі, өз хикаясы бар. Қуантқаны, соңында махаббаттың жеңгені. Үш жастың өз махаббаты құрбан болғанына қарамастан, жастардың бақытты болуына жол ашқаны әрине, көңілге қуаныш сыйлады.
Назира БУРХАНОВА

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған