Махаббатыңыз тұрақты болу үшін мына нәрселерді доғарыңыз

Көптеген адамдар махаббат тұрақсыз деп ойлайды. Ғашық болдық, сүйдік-күйдік, бірақ неге қарым-қатынасымыз ұзаққа созылмады? Не жағдай, не әсер етті, мәселені тарқатып көрелік. Махаббаттың ұзақтығы мен тұрақты болуы көбіне екі адамның бір-біріне деген қарым-қатынасы мен сыйлауына байланысты болып келеді. Егер төмендегі себептер сіздің өміріңізде болса өзгеруге тырысыңыз. 

1) Сіз екінші жартыңызға көп талап қоясыз. Байқасаңыз біз қарым-қатынас басталмастан бұрын одан көп нәрсе күтеміз. Ол бізді бірден түсініп, ескі жарамызды жазып, өзіңізге сенуге көмектесіп, сізді бақытты етеді. Қарап тұрсаңыз бұл, біріншіден оның қолынан келмейтін нәрсе, екіншіден ол бұған міндетті емес. Себебі, бізді бақытты ететін біреу емес, өзіміз. Одан ештеме күтпей, оның сыйлаған сезіміне сеніп, соны бағалап бақытты болу керек.

2) Сізді қорқынышыңыз билеп алады. Біз бәріміз өмірімізден бір рет болсын сүйіктілерімізден айырылып көрдік. Осындай ауыр қоштасудан кейін қайта ғашық болып, бақытқа сену қиындау болады. Несіне қорқамыз, неге бізді сенбеушілік билеп алады? Себебі біз жалғыз қалудан, алданып қалудан, алдыңғы нәрсе тағы бола ма деп қорқамыз. Осындай қорқыныштың кесірінен оған сенбеушілік пен қызғаныш пайда болады. Күдік пайда болғасын, сенімде жоғалады.

3) «Мен қандай болсам, солай сүй» принципімен өмір сүресіз. Мен әдемімін, ақылдымын, жұмысым бар, сәндімін, өзіме сенімдімін, мен супермін деген әйелдердің көбінің нашар мінезі қоса жүреді. Ол мен осындай болғандықтан менің жаман мінезімді де қабылда деген міндет пен менің айтқаныммен өмір сүр деген талабы бірге болады. Тоқтаңыз, сіз кімге нені міндетсіп тұрсыз, ойланыңыз. Әдемі болсаңыз өзіңізге, сыйластық пен теңдік болмаған қарым-қатынас ұзаққа бармайды.

4) Сіздің ше «сіздің адамыңыз» барлық жағынан тең болуы керек. Адамдар «өз адамыңды кездестіргеніңді бірден білесің» деп айтқан сайын сіз өз жартыңыз екеуіңіздің араңызда бәрі бірден керемет боп кетеді деп ойлайсыз. Қателеспеңіз, қарым-қатынас үшін қашан да жұмыс жасау керек болады. Уақыт өте келе сіздер бір-біріңізді жақсы біліп, түсінбейінше қақтығыстар жиі болады. Қарама-қайшылық туындаған сәттен, бірден түңілуге болмайтынын ұмытпаңыз. Ақылдасу = кешірім = түсінушілік бұл бақытты отбасының формуласы.

5) Сіздіңше сүйіктіңіз сіздің не қалайтыныңызды әрқашан білуі керек. Бұл миф және бұндай жағдайлар тек фильмдерде кездеседі. Сондықтан да, ол сіздің қалауыңызды орындауы үшін алдын-ала тура айтыңыз немесе намек тастаңыз, талқылаңыз. Қарым-қатынаста не қалайтыныңды айту кемшілік емес, қайта артықшылық. Ол бір-біріңізге сенетіндеріңізді білдіреді.

Сіз қандай қатені жібердіңіз, жазыңыз талқылайық.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған