Мәзір: Асқабақ сорпасы

Күз, қыс айларын «асқабақ маусымы» десек те болады. Себебі оны кез келген жеміс-жидек дүкенінен табу қиынға соқпайды. Алайда күнделікті ас мәзірінде кездесе бермейтін бұл тағамды тек қаладағы мейрамханалар мен кофеханаларда дайындайды десеңіз, қателесесіз. Дәруменге бай әрі тез дайындалатын асқабақ сорпасын жасау кез келген ас үй иесінің қолынан келері сөзсіз.

Құрамы:
Асқабақ – 500 гр
Пияз – 1 дана
Сәбіз – 1 дана (орташа)
Картоп – 2 дана (орташа)
Сарымсақ – 1 тал
Бульон (maggi) – 1 дана
Сұйық май – 1 ас қасық

1. Алдымен табаға сұйық май құйып, қыздырамыз.
2. Пиязды ұсақтап турап, қуырып аламыз. Оның үстіне үккіштен өткізілген сәбізді, туралған картопты және сарымсақты саламыз. Барлығын араластырып 3-4 минут қуырамыз. Кішкене қара бұрыш себу артық
3. Асқабақты салып, шамалап су құямыз. Суды көп құюдың қажеті жоқ, бар болғаны асқабақты жауып тұрса болғаны.
4. Дәмін келтіру үшін Магги бульонын және кішкене тұз салып, 25-30 минут қайнатамыз.

Дайын болғанда блендердің көмегімен пюре жасасақ, тамағымыз дайын. Асты ұсынбас бұрын үстіне кішкене кілегейлі сүт құйып, аскөк не ақжелкен салса болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Сурет http://avocadocook.ru сайтынан алынды.

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған