Мен ұсынатын 5 үздік романтикалық драма

Кәріс телесериалдарын ұнатамын және көп қараймын. Соңғы кезде қараған 5 үздік романтикалық драманы сіздермен бөліскім келді. Әрине уақытыңыз болса, романтикаға беріліп алыңыз.

 

Красивая нуна, что покупает мне еду

Бұл сериал мен үшін 2018 жылы шыққан телесериалдардың ішіндегі ең романтикаға толысы болды. Жасы үлкен келіншек пен жас жігіттің арасындағы сезімді көрсететін әдемі сериал. Чон Хэ-ин мен Сон Е-джин тандемі әдемі шыққан. Әрі актерлардың ойынының шынайылығы сонша сол сәтте осы сезімді сіз кешіп жатқандай күй кешесіз. Сериалдың әдемі аурасы бар, сізді баурап алады. Жаңбырлы күннің өзіндік сезімі бар екенін сезе аласыз.  Сериалдың әсерінен ұзақ шыға алмадым.

 

Великий соблазнитель

Оқушылық, студентік уайымсыз-қайғысыз жастық кездерді жақсы көретін адамдарға арналған тағы бір жақсы сериал. Актерлар құрамы жақсы таңдалған, актерлар жас әрі әдемі. Бай балалары мен кедей қызының өмірі көрсетілген. Байлардың да балаларының жылайтын кездері көп екенін көрсете білген. Қасыңда жүрген адамның сезімін бағалау, уақытында уақыт бөліп бағалауды үйретеді. Әдемі актерлармен бірге әдемі сезімді сезіне аласыз. Мун Га-ён, Джой, У До-хван, Ким Мин-джэ барынша шынайы ойнаған.

 

Ты тоже человек?

Роботтар біздің өмірімізде адам сияқты болса, оған деген сезім оянуы мүмкін бе? Роботпен қарым-қатынас қалай болады? Осындай көп сұрақтарға жауап беретін әдемі, нағыз заманауи сериал. Аңқау қыз байдың баласының робот бейнесіне ғашық болады. Со Ган-джунның сымбаттылығы сонша, оның осы өмірде шынайы адам екеніне сене алмайсың.

 

Дьявольское удовольствие

2018 жылдың тағы бір танымал, әдемі сериалы болды. Чхве Джин Хёк түскен сериалдарды жібермеуге тырысам. Бұл жолы да ол өзіне берілген міндетті жақсы алып шыққан. Сериал сізді әдемі, қылықты актрисаның уайымсыз өмірінен қайыршылыққа дейін құлдырауы мен қайта орнына тұру сәтіне бірге жетелейді. Осы бір нәзік қыздың қылығына тоймайсыз. Сон Ха Юнды сериалда біресе жақсы көріп, біресе аяп, біресе ұрып тастайтындай сезімде боласыз.

 

Бойфренд

Танымал актриса Сон Хё Гю мен танымал актер Пак Бо Гом түскен әдемі дорама. Куба мен Кореяның әдемілігін керемет көрсете білгендігі сонша, заттарыңды жинап Кубаға тартып отырғың келеді. Әдемі махаббат оқиғасы мен кеш үйлену мен байлар мен кедейлер арасындағы жағдайды жақсы сипаттай алған. Екінші пландағы кейіпкерлердің ойыны да адамды қызықтырады.

Айжан Кульмуханбетова

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған