Нарциссизмнің белгілері. Нарцисс деген кім?

Әлеуметтік желіде бұрыннан ұрысқақ, өте белсенді, жарқын, өз пікірін ашық айтатын пайдаланушыға «нарцисс» деген диагноз таңылып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, нарцисс деген сөзді естігенде сыланып-сипанып қалған, жақында ғана қарым-қатынасын үзіп, екінші рет кездесуге барғысы келмеген еркекті, немесе «успешный» әріптесіңіз бен қатал басшыларды да көз алдыңызға әкеледі. Олар да осы «нарцисс» нысанасына іліксе таң қалмаңыз. 

Бір жағынан бұл сәтсіздіктің себебін өзінен іздеп, мойындаудың орнына, қарсыласын мұқатып, оныкі мүмкін дұрыс шығар, ол өйткені нарцисс қой дей салуыңызға да ыңғайлы. Мәселен, менің бір лектор-психоаналитик танысым студенттерінің бәрін ашу үстінде нарцисстер деп айыптады. «Оларға менің лекциям ұнамайды, кілең маманға жарыған екенбіз. Бұл дегенің нарциссизмді білдіреді» деді. Өкініштісі сол, бұл күлетін жайт емес. Сонымен, нарцисс деген кімдер? Талқылап көрелік.

🖌️✏️🤔#Қалыпты нарциссизм
Бала о баста ата-анасын немесе өзін бағып-қаққан адамды идеал, күшті, ғаламаттай көреді. Мысалы, әке баласы үшін ең күшті, ақылды, керемет. Осылайша баланың ішіндегі ӨЗІ идеалды объектіге қарап негізделеді. Бірақ бұл кезеңде баланың психикалық аппараты әлі де есеймегендігін біліп тұрсыз. Бұл кезде бала өзіне әлі баға бере алмайтын жаста. Баланың ішінде екі бөлік бар, оның бірі ғаламат саналып келген ата-анасынан мейірім-махаббат алғысы келетін ішкі бала. Өзіне сенімді әрі жақсы екенін сезіну үшін оған ата-анасынан қолдау, қолпаштау қажет.

#Бала үшін – бұл даму кезеңі. Егер осы тұста бала махаббатқа қанықпай, ол мәселе кейінге яғни есейген шағына қалып кетсе, бұл патологиялық нарциссизмді білдіреді. Бала өскен соң ата-ана күшті боп көрінуден қалады да, оның ішкі бөлігі Эгомен тұтасады. Бұл қалыпты нарциссизм. Бала алғашқы жылдары сен жақсысың дегенге ата-анасы айтпайынша сенбейді, тіпті өзіне өзі дәлелдегісі келсе де өз бағасын біле қоятын аппараты әлі жетілмеген. Жылдар өткен сайын бала әкесінің әлемде ең ақылды емесін, анау қарапайым көрші Васяның әлдеқайда ақылды, күшті екенін түсіне бастайды. Мұндай жағымсыз түсінік оны жарақаттамайды, керісінше психикасын есейтіп, ішкі ғаламат ӨЗІ деп аталатын бөлікті шынайы бөлікке ауыстырып, ішкі баланы Эгосымен тұтастандырады.

📌#Түйін: өз бағасын дұрыс бағалау ӨЗІНІҢ өлшемдері мен құндылыққа қарап қалыптасады. Сондықтан, бала өзін қуаттайтын ілтипатты сырттан іздемейді. Іштегі ғаламат ӨЗІ өзіне сенімді әрі дұрыс амбицияға айналады. Бұл нарциссизмнің дұрыс нұсқасы. Сондықтан, сәтті, өзін өзі жүзеге асырған, жеке пікірі бар, дауласқанда өз көзқарасын айта алатын адам – дұрыс нұсқа.

🐯#Патологиялық нарциссизм.

Екі жасында Нинаның әкесі отбасынан кетіп қалады. Ол оны тіпті есінде де сақтамады. Сегіз жасқа келген кезде әкесін кездейсоқ көшеден кездестіріп қалады. Құрбысымен мектепке кетіп бара жатқан кезде бомж сияқты киініп алған алқаш біреу әкеңмін деп келіп тұрады. Нина ұяттан жерге кіре жаздап қашып кеткісі кеп тұрса да, сең соққандай қалшиып тұрып қалады. Арада әңгіме де болған жоқ, үйіне қашып келген қыз әлгі масқара бомжды өмірінде көргісі келмейді. Бұдан біз әкесінен түңіліп, жарақат алған мысалды көреміз. Бірінші: қыз әкесін көрмесе де ол туралы жақсы ойда жүрген. Үлкен пациенттер әкесі туралы айтқан кезде оны сенімсіз, жаман деуі мүмкін, ал бірақ әлгіндей баланың психикасында бейсаналы түрде әкесі керемет күйінде қалып кетеді. Бұл жерден патологиялық нарциссизмді көріп тұрмыз. Әкесін көрмей өскен қыз ол жайлы жақсы ойда жүрген, оның ішкі әлемі әлемі жақсы әкені «кәдімгі» немесе «шынайы» деген түсінікке ауыстыра алмаған. Ата-анасынан аяқ астынан немесе ауыр соққы болып тиген не интенсивті түрде түңілген баланың ішкі дүниесіндегі #Эгосымен біріккен реалды түрде қабылдауы бірден жабылып қалып, психика мәңгіге екіге айрылған күйі қалып кетеді. Яғни, психикалық аппарат дамудан қалып, инфантилді (өсу барысында жасына сай емес балалығы қалмаған, өспегендік) болып қалыптасады.
Патологиялық нарциссизмнің ең басты екі себебі: ойламаған жерден аяқ астынан ата-анасынан түңілу (шешесін тастап, маскүнем, отбасында беделі жоқ әке), баласына жылу мен махаббат бере алмаған суыққанды әйел. Анасынан жылу алмаған бала беті қайтарылған, елеусіз қалған, өзін жаман әрі қажетсіз сезінеді де, оның Эгосы ұят сияқты сезімдермен тұмшаланып қалады.

👩‍❤️‍💋‍👨#Нарцисс жақын қарым-қатынастан қорқады, себебі, бейсаналы түрде өзін ешкімге қажеті жоқ сезінеді. Ол қарым-қатынастың кез келген түрінен қорғанып, қашып, жоққа шығарып жүреді. Нарциссизмде адамның психикасы екіге бөлінеді: инфантилизмнің салдарынан ата-анам идеал деген оймен қалып қояды және жеткілікті махаббат ала алмаған баланың ішкі дүниесіндегі ақшарақ бөлігі.

Есейген шақта нарцисстер өздерінің махаббатқа зәру екендігін ешкім байқап қоймасы үшін барынша жасырып жүреді. Жеткілікті махаббат алмаған (ішкі баланы) тіпті өзінен де жасырып әлек болады. Сондықтан, керісінше, сыртқа өзін керемет қылып көрсетуге барын салады. Олардың Эгосы жылу мен қамқорлық керек болған кезде ала алмай қалғандықтан, өздерінің ұятын басқа бір артықшылықтарымен (превосходства) бүркемелеп жүреді. Сондай-ақ өзгелерді көре алмайтын өте қызғаншақ болып келеді. Себебі, өзінде жоқты көріп тұрады.

Сонымен, нарцисс деген кімдер, симптомдары қандай?

1. Жыныстық қарым-қатынаста әртүрлі азғын фантазияларға бой алдырады, кәдімгі төсек қатынасына қызықпайды.
2. Құқық бұзуға бейім, ашушаң
3. Салмақты қарым-қатынас құра алмайды
4. Эмпатияның жоқтығы
5. Юморға жоқ, сезімі шектеулі,
6. Өзін бағалауда проблемасы мен депрессияның көріністері бар.
7. Асқынып кеткен зерігу
8. Өзінің кереметтігі мен фантазиясын көрсетуге ұмтылу
9. Өзі айтқан өтірігіне өзі сену
10. Өзінің бойындағы нашар қылықты өзгелерден көріп тұрады
11. Өзінің денсаулығы мен тәніне шектен тыс иппохондриялық қамқорлықпен қарайды

🔴#Қысқасы, нарцисс – өзін керемет санайды әрі жылуға ашқарақ. Ол міндетті түрде күш көрсететін абьюзер, зорлықшыл, агрессор емес. Нарцисс маска киген «үлгілі әрі мейірімді қыз» да бола алады. Өйткені, оның ішкі бөлігі жалған түсінікпен қалыптасып, шынайы Эгосымен тұтасып кеткен. Олардың тағы бір белгісі: көре алмаушылық пен өзгелерді жоққа шығару.
☑️#Сілтеме төменде: 👉👉http://www.a-nechaev.com/portfolio/kto-takoy-nartsiss/

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған