Негатив жұқпалы

Негатив жұқпалы. Өзіңізге негативты жұқтырмауға тырысыңыз. Психологиялық көңіл күй жұқпалы, әсіресе ұзақ уақыт араласу кезінде. Себебі, адамның миында айна эффектілі нейрондар бар, олар эмпатияға (сезім, қамқорлық, құштарлық) жауап беретін нейрондар. Әрине сезім жақсы, бірақ оныңда жаман жағы бар. Ол сондай-ақ адамнан жаман эмоцияны да тартып алады.

Негатив негативті шақырады.

Біз мойындағымыз келмегенімен, елдің пікірі бізге және біздің мінез-құлқымызға әсер етеді. Психологтардың дәлелдері бойынша, адам позитивтен гөрі негативті көбірек тартады. Сондықтан ылғи сын айтып, айналасына көңілі толмайтын адамдардан аулақ жүріңіз. Инстаграмдағы суреттеріңізді сынап, нашар пікір қалдыратындарды өшіріп тастаңыз, себебі күнделікті көңіл-күйіңіз солардың сөзіне бола жиі құртылатын болады. 

Қайғы, мұң вирус сияқты тез тарайды.

Қайғы, мұң, нала, уайым, ашу сезімдер қуаныш, көтеріңкі көңіл күйге қарағанда тез тарайды. Қуанышты көңіл күй қасындағы адамның көңіл күйін бар жоғы 11% ға көтерсе, көңілді түсіру 50% іске асады. Сондықтан, көңілсіз жүретін адамдармен азырақ араласыңыз, мазохист адамдардан да аулақ жүруге тырысыңыз. 

Жаман көңіл-күйде жұқпалы.

Адамдар нашар көңіл күйді, агрессияны бірден байқайды және миымыз осы сәтте басқаша әрекет ете бастайды. Бұл кезде кез-келген қарым-қатынас дөрекі боп көрінеді де, аяғында біз де сондай күйге түсеміз. Ашулы адаммен араласып шыққасын, өзіңіздіңде ашуыңыз ұстағанын байқаған боларсыз.

Өзіңізді позитивті адамдармен қоршаңыз.

Қаласаңыз да қаламасаңызда басқа адамдардың көңіл күйі бізге тікелей әсер етеді. Өміріңіз жеңіл болсын десеңіз позитивті ойлап, позитивті жүретін адамдармен көбірек араласыңыз. Сізде олармен өзіңіздің позитивті энергияңызбен бөлісіңіз, біреуге қуаныш сыйлауға асығыңыз. Негативті көңіл күйдегі адамдарды қуантуға, көңіл күйін жақсы жағына өзгертуге тырысыңыз. Қуантыңыз, күлдіріңіз, бірге қыдырыңыз, бірге тамақ ішіңіз, бірге комедия қараңыз.

Ал сіз, осындай өзгерістерді өзіңізден байқадыңыз ба? Сізге адамдардың көңіл күйі әсер ете ме?

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған