Өмірдегі өзгерістерді қабылдай білу

Өміріңіздегі болып жатқан өзгерістерді қабылдай білу психологиялық тұрғыдан өте маңызды. Көптеген адамдар өзгерістен қорқады, тіпті психологиялық бір материалдың оқып соның ішіндегі айтылған нәрселерді жасаудан қорқатындар бар.

Неге екенін ойланып көрдіңіз бе? Бұның бәрі қорқыныштан туады. Сіз өзіңізді, өміріңізді өзгеруге қорқасыз. Кішкентай бірнәсе өзгертсеңіз қазіргі күйіңізді жоғалтып алатындай көрінесіз.

Бүгін осы өзгерістерді қабылдаудың жолдарын қарастырайық:

  • 1. Сіздің жан жүрегіңізді ауыртатын барлық нәрселерді жіберуді үйреніңіз. Оған түсінбеушіліктер, сатқындық, теңсіздік, өсек-аян, кемісітушілік кіреді. Бұл неге жаман, себебі сіз оларды тыққан сайын сізде кек алу сезімі пайда болады. Ол орын алған кезде сіздің өміріңіз тоқтап қалады, себебі сіздің бар энергияңыз сол жеккөрініш, жауыздыққа жұмсалатын болады. Сондықтан бәрін ұмытып, кешіріңіз. Сонда ғана сіз алға жылжисыз.
  • 2. «Жертва» болуды доғарыңыз. Өзін-өзі төмен санау, солай көрсету ешкімге жақсылық әкелмеген. Сіз өзіңізді қалай қабылдасаңыз адамдар сізді солай қабылдайды. Өз өміріңіз үшін жауапкершілікті өзіңіз ұстаңыз. Елдерді сәтсіздік үшін кінәлауды доғарыңыз.
  • 3. Жаңа, сау образ қалыптастырыңыз. Өзіңіздің жетістіктеріңіз үшін қуанып, өзіңізге сенімді бола түсіңіз. Сонда ғалам сізге жақсы энергия жіберіп жақсы адамдармен жолықтырады. тағы да жеңіске жетуіңізге жол аша түседі.
  • 4. Әлем мен ғаламға сеніп үйреніңіз. Сабырлы, жаңалыққа дайын адам, ештемеден қорықпайтын адам ғана өмірде бақытт болып ләззат ала алады. Өмірден негатив күтуді доғарып, бәрін Алланың берген сыйы деп қабылдаңыз, сонда өміріңіз әр түрлі түске боялады.
  • 5. Қорқыншытарыңызы жеңіңіз. Қорқыныштың құны бір тиын екенін еске ұстап, өзіңіздің одан да күштіге лайықты екеніңізді ұмытпаңыз. Қорқыныш бізді әлсіз етеді, ал сіз мықтысыз. Егер бір жерде бір мәселеден қорықсаңыз үлкен табысты жоғалттым деп ойлаңыз. Сонда миыңыз басқаша жұмыс істеп, қорқынышыңыз сейілетін болады. Батыл болыңыз!

Мен айтар едім, менің бетшеме жазылып, осының бәрін оқу сізді өзгеріске итермелейді. Себебі сіздің миыңыз өзгеріске дайын, бастысы оқығандарды қорыту, миға тоқу, іске кірісу!

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған