Өміріңізді өзгерутге бастайтын 5 қадам

Өміріңіз өзіңізге ұнамай ма? Онда мына біз ұсынған өміріңізді өзгерутге бастайтын 5 қадамды оқып, іске асырып өміріңізді дәл осы сәттен бастап өзгертіңіз. Біздің санамызға ең басты бағыттау керек нәрсе ол – махаббат. 

1.»Адамдарды жақсы көр» деу оңай, адамның ауруының ең бірінші себебі ол өзін жақсы көрмегені. Бұл өте маңызды. Егер біз өзімізді жақсы көрсек, өзімізді бағалаймыз. Егер біз өзімізді бағаламасақ, басқа адамдарға да соны көрсетеміз. Егер біз өзімізді жақсы көрсек, біреулерді қадағалап, қорқытпаймыз сондай-ақ, бізді де біреулер қорқытып, қадағалай алмайды. өзіңді сүю басқаларды сүю сияқты маңызды. Өзіңізді сүйген сайын басқаларды одан қатты жақсы көре түсесіз.

2. Қорқынышсыз өмір сүру. Біздің көбіміз қорқынышта өмір сүрдік, біздің бәрімізді солай тәрбиеледі. Қарапайым тамақтан бастап сәтсіздікке дейін қорқамыз. Адамдар ойлайды қорқыныш адамды қауіптен сақтайды деп, бірақ олай емес. Бізді махаббат қорғайды. Егер сіз өзіңізді, өзгені сүйсеңіз сол махаббат қауіп-қатер мен ақымақтықтан сақтайды.

3. Қуаныш, күлкі, әзіл. Біз туылғаннан күлудің, қуанудың не екенін білеміз, себебі балалар туа сала күле алады. Біз туыла сала махаббат пен батылдықты білеміз. Бірақ адам ержеткен сайын бұған бір себеп керектей көреміз. Себебі күлу, әзіл өмірдегі қуанудың шақыртқысы. Әр қашан қуанып, күліп жүрген адамның өмірі басқа болады, ода ауру азаяды.

4. Маңызды нәрсе – сыйлық. Көп адамдар күнделікті өмірді бір ауырлық сияқты көреді, бірақ олай болмауы керек. Біз тек маңызды нәрсені жоғалтқан кезде ғана, оның құнын түсіне бастаймыз. Өмірдің құнын түсіну үшін өлудің қажеті жоқ, бірақ оның бағасын қазірден бағалаңыз. Сіздің өміріңіз ол сізге берілген сый. Тіпті басыңыздан өткеріп жатқан қиындықтарыңызда ол сізге берілген сый. Әр көрген күніңізге қуаныңыз, бағалаңыз.

5. Ең басты, және сіз үшін маңызды нәрсе өзіңізбен өзіңіз болу. Қандай жағдай болмасын, қандай уақыт болмасын өзіңізбен өзіңіз болыңыз. Барынша жарқын болыңыз, өзіңіздің ерекшелігіңізді бағалаңыз. Өзіңіздің кім екеніңізді таныңыз. Өзіңізді жәй ғана өзіңіз болғаныңыз үшін жақсы көріңіз.

Осы 5 принципті ұстасаңыз сіздің өміріңіз өзгереді және сіз қалағандай болады. Сіздің қандай принциптеріңіз бар? Жаза отырыңыз, өмірден осы уақытқа дейін не түйдіңіз?

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған