Өміріңізге ақша тарту заңдары

«Трансферинг реальности» кітабының авторы Вадим Зеландтың айтуы бойынша, ақша – бұл энергия, және ол өз ережелері мен заңдары бойынша өмір сүреді. Ақша энергиясын басқаруды және өз өміріңе тартуды үйрену үшін осы заңдарды біліп қана қоймай, өмірде қолдану қажет. Бұл қандай заңдар?

1 заң – ақша нақты мақсатқа келеді

Ақша қағаз купюра ретінде немесе банк шотындағы сан ретінде жай ғана зат секілді. Бірақ олардың көмегімен тез арада барлық мақсатымызға жетуге болады. Сондықтан ақша энергиясын жай ғана бай болуды қалау үшін емес, нақты бір мақсатқа шақыру керек. Ойыңыз ақшаны қайдан табамын деумен емес, мақсатыңыз бен оған жетудің амалдында болсын. Егер сізге 2 миллион қажет болса – ол не үшін қажет? Несиеңізді жауып тастау үшін бе? Жарайды, ал әрі қарай не істейсіз? Теңізге барып демаласыз ба? Міне, нақты мақсатыңыз осы болмақ. Назар аударыңыз: ойыңыз 2 миллион емес, жабылған кредит емес, нақты теңізде демалуда болсын.

Дәл сол сияқты, зәулім үй тұрғызғыңыз келсе, оған қанша ақша кететінін ойламаңыз. Көптеген адам арманын іске асыру үшін ақша жоқтығын ойлап, еш әрекет етпейді және ол туралы ойлаған сайын ақша да келмейді. Назарыңызды мақсатыңызға бағыттаңыз, соған қарай жүріңіз, сонда мақсатыңыздың тек атрибуты ғана болатын ақша оны іске асыру үшін келеді.

Және әрі қарай ниетіңізді қалыптастырып, әрдайым сол ниеттің энергиясын таратыңыз, қалай да соған ие боламын және әрекет етемін деген сеніммен жүріңіз. Сіздің кез келген мақсатыңыз қалыпқа ие болуы тиіс. Мақсаттың қалыбы – бұл ниет, ал ниет – ие боламын деген сенім мен әрекет. Армандап қоя салмаңыз, бұлай арманыңыз іске аспайды, себебі нәтиженің нақты қалыбы жоқ. Оның орнына бірнеше мақсаттан тұратын жоспар құрыңыз, оларды іске асыра отырып, қалағаныңызға жетесіз.

2 заң – Ақшаға жеңіл әрі позитивті қарау керек

Ақша әрдайым жеткілікті. Ғалам шексіз және мол. Ғаламның дүниесі бәріне жетеді. Және сіздің әмияныңыздан да белгілі бір сома табылары анық. Үйсіз-күйсіз далада қалу қаупі соншалықты айқын емес шығар? Сондықтан қара бұлтты төндіріп, бағаның қымбаттап жатқанын айтып, тиын санап, әрдайым үндемдеу жолдарын қарастырып жүрудің қажеті қанша? Екі несиеңіз болса да біраз уақыт ол туралы ұмытып, маңыздылығын төмендетіңіз. Ақша жетіспеушілікті уайымдауды доғарғанда Әлеміңізге ақша энергиясын кіргізбей жүрген блоктар да кетеді.

Ақшаға жеңіл қараңыз, оны қуанышпен қарсы алып, жеңіл жаратыңыз. Бүгін ақшадан ұтылсаңыз, ертең міндетті түрде ұтасыз. Тіпті ірі сомаға ие болып, жағдайыңызды да арттырып аларсыз. Сондықтан уайымға салынбаңыз.

«Ақша бар. Қанша сомада екені маңызды емес, бастысы – бар. Және бұдан да көп болады. Ақшаны махаббатпен қуана қабылдаңыз, әрі жеңіл жаратыңыз. Сараң болмаңыз. Сараңдық танытқан сайын ақша аз келеді. Мақсатсыз ақша жинамаңыз, әйтпесе бәрін жоғалтып аласыз» (Вадим Зеланд).

3 заң – Ақшаға құрметпен қарау керек

Ақшаның түп негізі – бірбеткей, өзіне құрметпен қарағанды қалайды. Егер сіз ақшаға салғырт қарасаңыз, оны жау санасаңыз, жерден тиын көтеріп алуға ар санасаңыз, купюраларды мыжып ұстайтын болсаңыз – өзіңізге баюға қамал қоясыз. Ақшамен «дос» болыңыз. Біріншіден, өзіңізге әдемі әмиян сатып алыңыз, әсіресе қызыл, қою қызыл немесе алтын түсті әмияндарды таңдаңыз. Екіншіден, купюраларды жиірек қолыңызда ұстаңыз, олардан ақша энергиясына бөленіп жатқаныңызды елестетіңіз. Үшіншіден, кез келген сомаға құрметпен және сыйластықпен қараңыз. Төртіншіден, ешқашан тиындарды тастамаңыз, тіпті бұл тот басқан 1 тиын болса да.

«Өте мықты бір ритуал бар. Тауып алған, ешкім қажет етпеген ұсақ тиындарды жинап алыңыз, әсіресе тот басқандарын. Оларды қорапшаға салып, «Қымбаттыларым, енді сендер үйдесіңдер, мен сендерге қамқор боламын, маған тағы ақша шақырыңдар. Мен ақшаға қамқормын, ақша да мені жақсы көреді және қуана келеді» деп ойша айтыңыз» (Вадим Зеланд).

4 заң – Ақша табысты адамдардың энергиясын «жақсы көреді»

Егер сіз жалақыңызға, айналадағы адамдарға көңіліңіз толмай, өмірдің қиындығына шағымданып, иығыңыз салбырап, әрдайым жабыңқы жүретін болсаңыз, ақша да сізге жоламайтын болады. Ал иығыңызды кеңге жайып, ойнап-күліп, мақсатыңызға нық қадамдармен жүретін болсаңыз – ақша да сізге қарай ұмтылып, сізге оңай келеді.

Саналы түрде бай әрі табысты адамның келбетіне еніңіз – дәл осы қалыпта сіз ақшаның тартылуына ықпал ететін дұрыс энергия бөлесіз. Сондықтан айналадан «Байлардың бәрі – алаяқ», «Ақша – қолдың кірі», «Бай болу үшін жемқор болуың керек» деген сияқты ақша жайлы теріс ойларды аңдып тауып, өзгертіп отырыңыз.

5 заң – Ақша жайлы орыннан шыққанда келеді

«Жыламаған балаға емшек жоқ». Егер сіз «осыған да шүкір» деп отыра беретін болсаңыз сізге келетін ақша сомасы да өзгермейді. Егер бұдан да көпке лайықпын десеңіз, онда жайлы ортадан шығу қажет болады. Мұнда жайлы орта дегеніміз – өзіңізге лайық санаған материалдық дүние.

Жақсы бір мейрамханаға барыңыз, ең қымбат кешкі ас алу міндет емес – тым құрығанда бір шыны кофе ішіңіз. Танымал брендтен сапалы киім сатып алыңыз. Егер гардеробты толығымен жаңартуға ақшаңыз жетпесе – кішігірім заттардан бастаңыз, мысалы, шарф немесе жейде. Және оны күнделікті өмірде киіп жүріңіз. Жалпы үйге киетін, сыртқа киетін деген ұғымнан арылыңыз. Әр күніңіз ерекше, әдемі киініп жүруге лайық деп біліңіз. Өзіңізге спа-салонда демалуға рұқсат беріңіз, маникюр жасатыңыз, театрға барыңыз, «қымбат» саналатын жерде отырып, дәм татыңыз. Осындай қарапайым әрекеттермен Әлемге «Мен дайынмын, молшылыққа дайынмын, өміріме көп ақша қажет» деген хабар жібересіз.

@АнарМұстафина

Сурет mybabe.info сайтынан алынған

Facebook Пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған